Цзун Хун 1980 жылы 7 наурызда Қытай Халық Республикасының Шаньси провинциясында дүниеге келген.
2002 жылы Цзун Хун Донецк Ұлттық Техникалық Университетін «Экономика және кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді.
2006 жылы Қазақстан Республикасында, Алматы қаласындағы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін тәмамадады. 2008 жылы өзінің біліктілігін растай отырып, экономика магистрі дәрежесін алды.
Цзун Хун өзінің еңбек жолын 2004 жылдың қаңтарында «Қазақстан-Қытай Құбыржолы» ЖШС ЖБТ бақылау департаментінің инженері қызметінен бастады.
2007 жылдың қазанында Цзун Хун «Азиялық газ құбыры» ЖШС ауысты, онда ЖБТ бақылау департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды. 2011 жылдың мамырында «Trans-Asia Gas Pipeline LLP (TAPLine)» компаниясындағы қызметке ауысты.
«Trans-Asia Gas Pipeline LLP (TAPLine)» компаниясында Цзун Хун бірнеше негізгі лауазымдарды атқарды. 2011 жылдың ақпанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін құбыржолдарды пайдалануды басқару департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін Цзун Хун Акционерлермен арадағы істер жөніндегі департаменттің директоры қызметін атқарды.
2022 жылдың тамызынан 2024 жылдың ақпанына дейін Акционерлермен арадағы істер және құқықтық мәселелер жөніндегі департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2024 жылдың наурыз айынан бастап Цзун Хун «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директоры қызметін атқарады.
Цзун Хун орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік біледі, бұл оған әр түрлі елдердегі серіктестерімен және әріптестерімен сәтті қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.