ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ ІШІНДЕГІ ГАЗ САЛАСЫНЫҢ 25 МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАСЫ
Ширек ғасыр ішінде отандық газ саласы өз дамуының мүлдем жаңа кезеңіне көшті. Бүгінде «ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық газ операторы – газ тасымалдау әлеуетін ұзақ жылдар алға ұлғайтуға есептелген ең жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған заманауи компания.
Экономиканың басқа салалары сияқты, газ саласы да Қазақстанның егемендігі жылдарында қалыптасудың өте күрделі кезеңдерінен өтті. Атап айтқанда, соңғы бірнеше жыл ішінде «ҚазТрансГаз» АҚ ең қуатты отандық және халықаралық жобаларды жүзеге асырудың айтулы деңгейіне жеткенін байқауға болады.
Сіздерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде болған отандық газ саласының аса маңызды 25 оқиғасын ұсынамыз.
- 1993 жылы – «Қазақгаз» МХК Ұлттық газ компаниясы құрылды.
- 1997 жылы елдің газ тасымалдау жүйесі шетелдік инвестор – бельгиялық «Трактебель С. А.» компаниясына концессияға берілді.
- 2000 жылы Үкіметтің қаулысымен елдің барлық газ тасымалдау жүйесі «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымына берілді.
2003 ж. «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан аумағы бойынша түрікмен және өзбек газының транзиті бойынша «Газпром» АҚ арада ұзақ мерзімді келісімшарт жасады.
- 2008 жылы Маңғыстау облысында «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырының «Опорная» компрессорлық станциясында турбокомпрессорлық цех пайдалануға берілді.
- 2009 жылы ел өңірлерінде «инвестицияларға айырбасталатын тарифтер» формуласы бойынша ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаны іске асыру басталды, бұл Қазақстан Республикасының Газ тасымалдау және газбен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және кеңейту жөніндегі ауқымды жобаны іске асырудың басталуы болды.
- 2009 жылы «Қазақстан–Қытай» магистральдық газ құбырының бірінші желісі («А» желісі) іске қосылды. Салтанатты акт 2009 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның қатысуымен өтті.
- 2012 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып белгіленді.
- 2013 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстанда мұнай өндіру саласында жұмыс істейтін барлық әлемдік компаниялармен елде өндірілетін барлық газды Компанияның айрықша сатуына келісім жасады.
- 2013 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырын газбен толтырудың ресми рәсімі өтті.
- 2013 жылы ұлттық оператордың еншілес компаниясы – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ елдің барлық өңірлерінде газ тарату желілерін біріктіру кезеңін аяқтады, соңғы тұтынушыларға газ жеткізу нарығындағы бірыңғай операторға айналды.
- 2014 жылы Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас сызбасы және Қазақстан Республикасының газ секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы бекітілді.
- 2015 жылы ұзындығы 1303 км «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының үшінші желісі («С» желісі) пайдалануға берілді . Бұл оқиға энергетикалық және өңірлік әріптестік саласындағы ірі халықаралық жобаны – жалпы ұзындығы 7,5 мың км астам «Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» трансшекаралық газ құбырын жүзеге асырудың соңғы кезеңі болды.
- Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасы газ өндіру деңгейін 1991 жылы 7,9 миллиард текше метрден 2015 жылы 45,3 миллиард текше метрге дейін бес жарым есе ұлғайтты.
- 2015 жылы Ұлттық оператор Қарағанды облысында өнеркәсіптік маңызы бар көмір қабаттарынан метан ағынын алды.
- Газ тасымалдау бағыттарын әртараптандыру мақсатында «Союз» магистральдық газ құбырлары мен САЦ-4 Лупингі арасындағы тұйықтағыш пайдалануға берілді, осы арқылы «Лупинг – САЦ» магистральдық газ құбыры арқылы реверс режимінде газ тасымалдаудың техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
- «Алматы қаласы мен қала маңы аймағын газдандыру» жобасын іске асыру аяқталды. Инвестицияның жалпы көлемі 17 млрд. теңгеден асты.
- 2015 жылы «Бейнеу–Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының «Бейнеу-Бозой» желілік учаскесінің құрылысы аяқталды. Алғаш рет елдің барлық магистральдық газ құбырлары бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне қосылды.
- 2015 жылы 2,2 мың км таратушы газ құбырлары салынды, 1,6 мың км магистральдық газ құбырлары пайдалануға берілді. Енді, жалпы, «ҚазТрансГаз» АҚ 54 мың шақырым газ құбырларына қызмет көрсетеді. Бұл дегеніміз, біздің құбырлармен жер шарын 1,5 рет экватор арқылы айналып өтуге болады.
- 2015 жылғы барлық жобалар жоспарланған мерзімнен бұрын орта есеппен 4 айға ерте аяқталды. «ҚазТрансГаз» АҚ шамамен 500 млн. доллар үнемделді. Компаниялар тобы бойынша қарыздық міндеттемелерді үш есе, 1 млрд.доллардан 300 млн. долларға дейін төмендетуге қол жеткізілді.
- 2015 жылы отандық газ экспорты 45% – ға артты (2014 жылы 1,8 млрд.текше метрден 2015 жылы 2,6 млрд. текше метрге дейін). 2015 жылы ішкі нарық «ҚазТрансГаз» АҚ меншікті қаражаты есебінен 126 млрд. теңге сомаға дотацияланды.
- 2016 жылы Қазақстан елдің оңтүстігін газбен 100 пайызға қамтамасыз етіп, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етті.
- 2016 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ өз қаражаты есебінен Қытайға экспортқа отандық газға жол ашқан «Ақыртөбе» сығу станциясы салды, Орталық Азияда теңдесі жоқ Ақтөбе 300 АГТС құрылысы аяқталды және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының №4 және №8 ең заманауи компрессорлық станциялары пайдалануға берілді.
- 2016 жылы Амангелді кен орнының №129, №131 ұңғымалары және Жарқұм кен орнының №8 ұңғымасы пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін «Бозой» стратегиялық маңызы бар компрессорлық станциясы пайдалануға қабылданды.