«Өрт, газ ескерту дабылы және автоматты өрт сөндіру жабдықтары мен жүйелеріне (ӨГЕД және АӨС) қызмет көрсету» ашық тендерінің қорытындысы туралы хабарландыру

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2024 ж. 19 сәуір күні 10 сағат 00 минутта, https://qaztp.kz/ электрондық порталында өткізілген «Өрт, газ ескерту дабылы және автоматты өрт сөндіру жабдықтары мен жүйелеріне (ӨГЕД және АӨС) қызмет көрсету» ашық тендерінің қорытындысын хабарлайды. Жеңімпаз болып: «SGSM-KZ» ЖШС танылды, заңды мекенжайы: ҚР, Алматы қаласы, Жұбанов көшесі, 94А. Өтінім сомасы:
№1 лот: ҚҚС есебінсіз 18 050 000 (он сегіз миллион елу мың) теңге;
№2 лот: ҚҚС есебінсіз 54 150 000 (елу төрт миллион бір жүз елу мың) теңге;
№3 лот: ҚҚС есебінсіз 111 500 000 (бір жүз он бір миллион бес жүз мың) теңге;
№4 лот: ҚҚС есебінсіз 54 150 000 (елу төрт миллион бір жүз елу мың) теңгені құрады.