Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен «Кеңсе тауарларын» сатып алуды өткізу туралы хабарландыру:

71  +    =  77

Сатып алуға Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы болып табылатын, 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53 мекенжайы бойынша орналасқан «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) келесі көлемде және келесі шарттар бойынша баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен «Кеңсе тауарларын» сатып алуды өткізетіні туралы хабарлайды: 1. Сатып алудың атауы: « Кеңсе тауарларын » 2. Сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы, қызмет көрсетудің көлемі, мерзімі және төлем талаптары мен мерзімі техникалық сипаттамада және сатып алу жөніндегі шарт жобасында көрсетілген. 3. Қызмет көрсету орны: техникалық сипаттамаға сәйкес. 4. Техникалық сипаттаманы және сатып алу туралы шарттың жобасын алу үшін әлеуетті жеткізуші www.qaztp.kz сайтында тіркелуі қажет және “Іздеу” бөлімінде №240402-803621 сатып алу нөмірін теріңіз теріңіз немесе сайтта тіркелгеннен кейін www.bsgp.kz қоса берілген құжаттаманы жүктеп алыңыз. 5. Аталмыш баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші заңды тұлғалардың қолы және мөрімен бекітілген, жеке тұлғалардың қол қоюымен (мөрімен, егер ол болған жағдайда) бекітілген, құрамында келесі мәліметтер мен құжаттары бар бағалық ұсынысты білдіруі керек: 1) Әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және тұрғылықты мекенжайы, БСН (заңды тұлғалар үшін), патент нөмірі және жеке басын анықтайтын құжат (төлқұжат), тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны, ЖСН (жеке тұлғалар үшін) және банк деректемелері; 2) Көрсетілетін қызмет атауы, сипаттамасы және көлемі; 3) Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің орны және мерзімдері; 4) Қызметтер бірлігінің бағасы мен қызметтердің жалпы бағасы көрсетілген баға ұсынысы, ҚҚС есептемегенде, қызметтерді көрсетумен байланысты шығындарды қосқанда; 5) Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркеу туралы құжат көшірмесін; 6) Лицензия көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданатын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жеткізушінің өтінішін (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе); 7) Әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық сипаттаманы (егер баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алудың өткізілуі туралы хабарламада техникалық сипаттама болса және әлеуетті жеткізушінің техникалық сипаттаманы беруі жөнінде талап қойылса); 8) ҚҚС бойынша есепке тұру жөніндегі куәлік көшірмесі (болған жағдайда); 9) Жарғының көшірмесі. 6. Әлеуетті жеткізуші тек 1 (бір) баға ұсынысын ұсынуға құқылы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді. Баға ұсынысы салықтарды (бірақ ҚҚС-ты қоспағанда) және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (қажет болған жағдайда сақтандыру) және әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін қоса алғанда, тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығыстарды қамтуы тиіс, осы сатып алуға қатысуға оны www.qaztp.kz электрондық мекенжай бойынша ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін электрондық құжат нысанында қабылданады. 7. Баға ұсынысы Техникалық сипаттамада көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. 8. Сатып алу жөніндегі шарт баға ұсынысы ең төмен әлеуетті жеткізушімен жасалады. Бұл ретте, жеңімпаз болып танылған әлеуетті жеткізуші, өз біліктілігін растау мақсатында келесі құжаттарды ұсынуы тиіс: 1) Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъект ретінде тіркеу жөніндегі құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі; 2) Лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданытын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жеткізушінің өтініші (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе); 3) Қосылған құн салығы бойынша есепке тұру жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда); 4) Жарғының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі. 9.Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2024 ж. «11» сәуір күні 10 сағат 00 минут. 10. Баға ұсыныстары бар өтінімдер 2024 жылғы 11 сәуірде www.qaztp.kz электрондық мекенжай бойынша ашылады. 11. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға жылдам ауысу үшін сілтеме: https://qaztp.kz/auction/240402-803621 12. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен « Кеңсе тауарларын » сатып алуға бөлінген сома ҚҚС есебінсіз 6 143 462,50 теңге (Алты миллион жүз қырық үш мың төрт жүз алпыс екі теңге елу тиын) құрайды. Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8 (727) 342-36-88 телефоны бойынша алуға болады.

Файл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді