«QazaqGaz» ҰК» АҚ және Trans - Asia Gas Pipeline Company Limited акционерлерімен кездесу
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов пен TAPLine Бас директорының орынбасары Цзинь Цинго мырзаның кездесуі өтті. Тараптар одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ 2-ші желісін салу, сондай-ақ «Бозой» КС кеңейтуді аяқтау мәселелерін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың мамыр айында Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен «Орталық Азия – Қытай» бірінші саммиті аясында QazaqGaz және CNPC арасында табиғи газды жеткізу және геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат сонымен қатар «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісінің құрылысын бастауға негіз салды.