QazaqGaz және CNPC-дің жаңа жобалары
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешовтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында China National Petroleum Corporation (CNPC), PetroChina International және TapLine компанияларының басшылығымен екіжақты келіссөздер жүргізілді.
Пекин – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешовтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында China National Petroleum Corporation (CNPC), PetroChina International және TapLine компанияларының басшылығымен екіжақты келіссөздер жүргізілді.
Тараптар газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларын атап өтіп, осы саладағы әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында келіссөздер барысында Қытаймен жаңа экспорттық келісімшарты, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ-ның 2-ші желісін салу мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, кен орындарын барлау және игеру, Қазақстан Республикасының аумағындағы перспективалы жер қойнауы учаскелерінде зерттеу және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мәселесі де көтерілді.
2023 жылғы мамырда мемлекет басшылары қатысқан «Орталық Азия – Қытай» бірінші саммиті аясында QazaqGaz бен CNPC арасында табиғи газды жеткізу мен геологиялық барлау саласында серіктестік орнату туралы Келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, құжат Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісінің құрылысын бастауға да негіз болады.