38 + = 39
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Антивирустық бағдарламаның лицензиясын ұзарту» ашық тендерінің өткізілетіні туралы хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, егжей-тегжейлі сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілетін мерзімі тендерлік құжаттамада көрсетілген).
Cатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептемегенде 7 717 512,00 (жеті миллион жеті жүз он жеті мың бес жүз он екі) тенге құрайды.
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық ниет білдірген әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттаманың көшірмесін алу үшін әлеуетті жеткізуші әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкіліне тендерлік құжаттаманы алуға арналған сенімхаттың түпнұсқасын және жеке куәліктің көшірмесін ұсынуы немесе www.bsgp.kz сайтына тіркелгеннен кейін тендерлік құжаттаманы жүктеп алуы қажет. Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша алуға болады:А05А2К5, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.
Тендерлік өтінімді беру үшін әлеуетті жеткізуші (немесе әлеуетті жеткізушінің сенім білдірген өкілі) тендерлік өтінім беруге арналған сенімхаттың түпнұсқасын және әлеуетті жеткізушінің (немесе әлеуетті жеткізушінің сенім білдірген өкілінің) жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылғы «19» желтоқсан, сағат 10:00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2022 жылғы «19» желтоқсан, сағат 12:00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).
Конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті жеткізушілердің өкілдері конверттерді ашу рәсіміне қатысуға әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкіліне сенімхаттың түпнұсқасын және жеке куәлігінің көшірмесін ұсынған кезде ғана рұқсат етіледі.
Файл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді
Аккаунт бар ма? |
Қосымша ақпарат мен анықтамаларды 8 (727) 342 37 84 телефоны арқылы алуға болады.