Бейжіңде «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастық жөніндегі халықаралық жастар форумы өтті

2022 жылғы 13 шілдеде Қытай Ұлттық Мұнай-газ корпорациясының (ҚҰМК) халықаралық конференц- орталығында «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық бастамасы шеңберінде «Жаңа жолға қарай алға басамыз, болашағымызды бірге құрамыз» ұранымен жастар форумы өтті. Форумға ҚҰМК жастармен жұмыс жөніндегі комитеттің төрағасы Чжан Цзинь, Таплайн компаниясының Бас директоры Мэн Сяндун, Таплайн компаниясының басқарушы құрамы, сондай-ақ бейне конференц байланыс арқылы Қытай-Қазақстан, Қытай-Тәжік, Қытай-Мьянман бірлескен кәсіпорындарының 500-ден астам басшылары мен үздік жас қызметкерлерінің өкілдері қатысты.

Бұл жастар форумы «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық бастамасы аясында жас қызметкерлер арасында тәжірибе алмасу жоспарына және «Армандаған Жібек жолының құрылысы» жас қызметкерлерді дамыту бағдарламасына сәйкес Бүкілқытай жастар федерациясының қамқорлығымен өткізілетін үлгілі іс-шара болып табылады. Жастар форумының негізгі ұйымдастырушысы – ҚҰМК, ал тең ұйымдастырушысы – Таплайн компаниясы. Осы жастар форумын ұйымдастырудың мақсаты – шетелдік бірлескен кәсіпорындардың жас қызметкерлеріне бірлескен құбыржол жобаларындағы жұмыс тәжірибесі туралы айтып беруге, тәжірибе алмасуға және Қытай мен шетелдік жастардың мәдени интеграциясына ықпал етуге, «Елдердің өңірлік жағдайы бойынша достастық» туралы түсінікті одан әрі нығайтуға, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында энергетикалық саладағы ынтымақтастықты неғұрлым жоғары деңгейге және неғұрлым ауқымды кеңістікте ілгерілету үшін мәдени қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беру.
Форум түрлі тілдерде сөз сөйлеу форматында өтті. Бірлескен кәсіпорындардың 10 үздік жас қызметкері табысқа жету жолындағы қиындықтарды еңсеру, мәдени интеграцияға үлес қосу және әр түрлі елдердің адамдары, Қытай және шетел жастары арасындағы байланыстар туралы әңгімелеп, бирма, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде сөйледі.

Осы іс-шараға қатысқан «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС корпоративтік қаржы департаменті директорының орынбасары Чэнь Сыци халықаралық құбыр жобасын қаржыландыру бойынша он жылдық еңбек тәжірибесімен бөлісті, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС-ның құрылғаннан бері он жылдан астам уақыт бойы қалай үлгілі компанияға, Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар жобаға айналғанын және оның «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында Ұлы Жібек жолының нағыз інжу-маржанына айналғанын әңгімеледі. Басқа жас жұмысшылар сияқты, ол да үлкен ынта-жігермен жұмыс істейтінін және армандарды жүзеге асырып, бар күш-жігерін салып, компанияның одан әрі дамуына өз үлесін қосатынын айтты.
Қызметкер Пакизат Қайрат «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы бірлескен жоба жергілікті тұрғындарға жұмысқа орналасудың кең мүмкіндіктерін, қолайлы жұмыс ортасын және жақсы әлеуметтік пакетті беріп қана қоймай, Қытай мен Қазақстан халықтары арасындағы достыққа ықпал ететінін айтты. Жобаның тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия өңірінде маңызы зор. Жобаның арқасында Қытай мен Қазақстан арасында «достықтың алтын көпірі» салынды.
Өзбекстандағы жобаның жас қызметкері Раджан өзінің қытайлық арманын жүзеге асырды және өз отбасының мақтанышына айналды. Ол «Қытай-Өзбекстан газ құбыры» жоба ғана емес, сонымен қатар Қытай мен Өзбекстан халықтары арасындағы достық көпірі деп санайды. «Бір белдеу – бір жол» бастамасын іске асыруда оның мұнайға деген махаббаты мен қытайлық арманы Қытай мен Өзбекстанды байланыстыратын күшке айналып, әріптестерімен бірге Қытай мен Өзбекстан арасында достық қарым-қатынасты орнатпақ.

Таплайн компаниясының қызметкері Ли Чжэнцин Мьянмада 10 жыл жұмыс істеді және жергілікті экономика мен қоғамның қандай тез қарқынмен дамығанына, Мьянма халқының өмірінде қандай керемет өзгерістер болғанына куә болды. Оның пікірінше, өзара тиімді мұнай-газ жобалары, жергілікті экономика мен адамдардың өмірін жақсарту «Бір белдеу – бір жол» бастамасының үздік насихатшысы болып табылады. Бұл ҚҰМК барлық қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне берілген ең үздік марапат, сонымен қатар Қытайдың әлемге әкелетін ең үздік сыйлығы.

Форум соңында Халықаралық жастар форумының барлық қатысушылары осы жастар форумы үшін Таплайн компаниясының арнайы жазған «Ағысқа қарсы жоғары» әнін орындады, бұл ән табанды және күшті, өмір дауылдарынан қорықпайтын, өз арманына батыл қадам басатын қытайлық және шетелдік жастардың бірлігі мен күшінің командалық рухы туралы.
Ақпаратқа сәйкес, ҚҰМК «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық бастамасының бағыты бойынша 19 ел мен өңірде 50-ден астам мұнай-газ инвестициялық жобаларына қатысады және оларды басқарады. Таплайн компаниясы «Орта Азия-Қытай газ құбыры», «Қытай-Бирма мұнай-газ құбыры», «Қазақстан-Қытай құбыр жолы» және т.б. қоса алғанда «Бір белдеу-бір жол» стратегиялық бастамасының бағыты бойынша орналасқан елдер бойында Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бірнеше трансұлттық мұнай және табиғи газ құбырларын басқарады. Қазақстан, Өзбекстан, Мьянма және басқа елдердегі бірлескен кәсіпорындарда 4000-нан астам қытайлық және шетелдік жұмысшылар бар. Таплайн компаниясы жас қызметкерлерді оқытуға ерекше көңіл бөледі, бірлескен жобалар орналасқан жерде жұмысқа жергілікті мамандарды тарту туралы саясатты белсенді түрде қолдайды, жергілікті жоғары білікті мамандардан команда құруды нығайтады, тренингтер, кәсіби дағдылар конкурстарын ұйымдастырады, осылайша жас кадрлардың біліктілігін арттыруға көмектеседі. Таплайн компаниясының жас қытайлық және шетелдік жұмысшылары мұнай-газ жобаларын салу мен пайдалануда әрдайым алдыңғы қатарда, жұмыста біртұтастық, ұйымшылдық көрсетеді, бірлескен кәсіпорындардың сапалы дамуына қол жеткізеді және керемет (көрнекті) нәтижелерге қол жеткізеді.


antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye