«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Бейнеу кент – «Шағырлы-Шөміштй» кен орны IV санатты автожолы арқылы «ББШ» МГҚ өткелін реконструкциялау бойынша жұмыстарды орындауға ашық тендерінің өткізілетіні туралы хабарлайды. (Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, егжей-тегжейлі ерекшелігі, қызмет көрсету орны мен талап етілетін мерзімі тендерлік құжаттамада көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық ниет білдірген әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттаманы алуға сенімхаттың түпнұсқасын, әлеуетті жеткізушінің сенімді өкіліне жеке куәліктің көшірмесін және USB-жинақтағышты ұсыну қажет. Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша алуға болады: А05А2К5, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, Abylai KHAN PLAZA БО, 10 – қабат, тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.
Тендерлік өтінім беру үшін әлеуетті өнім берушіге (немесе әлеуетті өнім берушінің сенімді өкіліне) тендерлік өтінім беруге арналған сенімхаттың түпнұсқасын және әлеуетті өнім берушінің (немесе әлеуетті өнім берушінің сенімді өкілінің) жеке куәлігінің көшірмесін ұсыну қажет.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылғы «3» Тамыз күні, сағат 10:00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2022 жылғы «3» Тамыз күні, сағат 12:00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).
Конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті жеткізушілердің өкілдері конверттерді ашу рәсіміне қатысуға әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкіліне сенімхаттың түпнұсқасын және жеке куәлігінің көшірмесін ұсынған кезде ғана рұқсат етілетін болады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342-38-39 телефоны арқылы алуға болады.