ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 22 ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ 10 ЖЫЛДАН БЕРІ КҮТКЕН ГАЗ ЖЕТКІЗІЛДІ

QazaqGaz ұлттық компаниясының басшылығы Түркістан облысының тұрғындарына газ беру мәселесін шешті. QazaqGaz компаниясының еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен қауіпсіз және үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етті. Көгілдір отын Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбыры арқылы жеткізіледі.

Өңірді газдандыру барысын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен QazaqGaz Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов талқылады. Ұлттық газ компаниясының басшысы ел өңірлеріндегі газ тасымалдау инфрақұрылымының жағдайын бағалау мақсатында, қазіргі уақытта Түркістан және Жамбыл облыстарына жұмыс сапарымен барды.

Өңір басшысымен әңгіме барысында өңірді газдандыру барысы бойынша халықтың өтініштерін ескере отырып, өзекті мәселелер қозғалды. Санжар Жаркешов атап өткендей, іске асырудағы ағымдағы барлық қиындықтар ерекше бақылауға алынып, шешілу сатысында.

Ұлттық газ операторының басшысы «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елдің ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету компания үшін басым болып табылатынын» атап өтті. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі құбыр жобасы болып табылады және мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маңызды рөл атқаруы тиіс. Газбен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, қазіргі уақытта газ құбыры шекті қуатта жұмыс істеп тұрғанын ескере отырып, Бейнеу – Бозой – Шымкент газ құбырының қуаты 10 миллиард текше метрден асатын екінші желісін салу қажет», – деді QazaqGaz басқарма төрағасы.

Өндірістік нысандарды аралау аясында Санжар Жаркешовке «Түркістан» компрессорлық станциясының жұмысы көрсетілді. Оның жұмысы жыл сайын өсіп келе жатқан, әсіресе жылыту маусымындағы ең жоғары жүктемелер кезеңінде қажеттіліктерді өтеу үшін Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне газды үздіксіз тасымалдау процесінің барынша сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сапар аясында Ақбұлақ желілік-өндірістік басқармасының жұмысымен танысу және «Ақбұлақ» газ өлшеу станциясын тексеру жүргізіледі. Оның өнімділігі жылына 15,8 миллиард текше метрді құрайды.

Сондай-ақ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Оқу-курстық комбинатына бару жоспарланған. Бұл табиғи газды тасымалдаумен және магистральдық газ құбырларын пайдаланумен айналысатын жұмыскерлер мен мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктіліктерін арттыру бойынша республикадағы жалғыз бейінді оқу орны.

Сапар жалпы ұзындығы 7 500 километрден асатын Түрікменстан – Өзбекстан – Қазақстан – Қытай газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан – Қытай магистральдық газ құбырының «С» желісінің КС-4 «Құлан» компрессорлық станциясына барумен жалғасатын болады. Газ құбырының бастапқы нүктесі Түрікменстанның мұнай-газ кен орындары, соңғы нүктесі – Қытай Халық Республикасының оңтүстік провинциялары болып табылады. Станцияның іске қосылуы “С” желісінің өткізу қабілетін жылына 20 млрд.текше м. дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Компрессорлық станция “Rolls-Royce” және “General Electric” компанияларының газ турбиналық және компрессорлық техникасының жетекші әлемдік өндірушілерінің инновациялық жабдығымен жабдықталған.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye