«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2022 ж. 02 наурыз күні 11 сағат 45 минутта, келесі мекенжай бойынша: Алматы қ, Абылай хан даңғылы, 53 өткізілген «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының стационарлық объектілерін және желілік бөлігін күзету бойынша қызметтер көрсету» сатып алу жөніндегі ашық тендердің қорытындысын хабарлайды. Жеңімпаз болып: «Дауыл күзет агенттігі» ЖШС, заңды мекенжайы: ҚР, Алматы қаласы, Гоголь көш., 93, 404 кеңсе танылды. Өтінім сомасы ҚҚС есептемегенде 486 153 171,24 (төрт жүз сексен алты миллион бір жүз елу үш мың бір жүз жетпіс бір) теңге 24 тиінді құрады.