«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС ВК қызмет көрсету, тамақпен қамтамасыз ету, КС клинингі ашық тендерінің өткізілетіні туралы хабарлайды. (Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, егжей-тегжейлі ерекшелігі, қызмет көрсету орны мен талап етілетін мерзімі тендерлік құжаттамада көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық ниет білдірген әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы салдарынан қалыптасқан жағдайға байланысты тендерлік құжаттаманың көшірмесін алу үшін әлеуетті жеткізуші бетперде режимін сақтауы, сондай-ақ тендерлік құжаттаманы алуға сенімхаттың түпнұсқасын және әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкіліне жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет. Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша алуға болады:А05А2К5, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.
Тендерлік өтінімді беру үшін әлеуетті жеткізуші (не әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкілі) бетперде режимін сақтауы, сондай-ақ тендерлік өтінім беруге арналған сенімхаттың түпнұсқасын және әлеуетті жеткізушінің (не әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкілінің) жеке куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылғы «31» наурыз күні, сағат 10:00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2022 жылғы «31» наурыз күні, сағат 11:30 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).