«Бейнеу-Шымкент Газқұбыры» ЖШС «VSAT деректерін беру арнасы, спутниктік байланыс қызметтерін көрсетуге» ашық тендердің өткізілетіні туралы хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы салдарынан қалыптасқан жағдайына байланысты тендерлік құжаттаманың көшірмесін алу үшін әлеуетті жеткізуші бетперде тағу режимін сақтауы қажет, сондай-ақ тендерлік құжаттаманы алуға арналған сенімхаттың түпнұсқасын және әлеуетті жеткізушінің сенімді өкіліне жеке куәліктің көшірмесін ұсынуы қажет. Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша алуға болады:А05А2К5, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2022 жылғы «16» наурыз күні, сағат 10.00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2022 жылғы «16» наурыз күні, сағат 12:00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).
Конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті жеткізушілердің өкілдеріне конверттерді ашу рәсіміне қатысуға әлеуетті жеткізушінің сенім білдірілген өкіліне сенімхаттың түпнұсқасын және жеке куәлігінің көшірмесін ұсынған кезде ғана рұқсат етілетін болады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342 38-78 телефоны арқылы алуға болады.