Комплаенс

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 – V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша шараларды мынадай жолдармен қабылдайды:

  • Шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және айқындылығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық механизмдерін белгілеу;
  • Адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
  • Мүдделер қақтығысының алдын алу;
  • Іскерлік әдеп нормаларын қабылдау және сақтау;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС  (бұдан әрі – Серіктестік) іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кешенді бағдарламасының бір бөлігі Заңға сәйкес «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты (бұдан әрі – Саясат) болып табылады.

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты – Сілтеме

Контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде Контрагенттердің іскерлік қарым-қатынастарын адал және әділ негізде қалай жүргізетініне, өзінің беделіне қамқорлық жасайтынына, шаруашылық қызметті жүргізу кезінде жоғары этикалық стандарттарға қолдау көрсететініне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз шараларын іске асыруына назар аударылады.

Серіктестік сыбайлас жемқорлыққа тартылуы мүмкін контрагенттермен іскерлік қарым-қатынастардағы тәуекелді барынша азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, ол үшін Контрагенттердің парақорлыққа деген сенімділігі мен төзімділігі бағаланады, оның ішінде оларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзіндік саясаттар мен рәсімдердің болуын талдау, олардың Саясат талаптарын сақтауға дайындығы және Саясатқа қосымшада көзделген нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелерді шарттарға қосу, сондай-ақ бизнесті этикалық жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін өзара жәрдем көрсету болып табылады.