Қазақстандық газ саласының қайта өрлеу дәуірі
Жүзеге асырылған газдандыру жобалары миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік берді, үйлеріне жылу мен жайлылық әкелді.
СУРЕТ: баспасөз қызметінің мұрағаты
«Бұхара-Газли-Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральдық газ құбыры
Осыдан 30 жыл бұрын жаңа мемлекет ретінде өз жолын бастаған тәуелсіз Қазақстан үшін іс жүзінде экономиканың барлық салаларын түбегейлі қайта өзгертуге тура келді. Бұл өзгеріс газ саласын да тыс қалдырмады. Иә, бұрынғы жоспарлы одақтық экономикадан елде газ құбырлары мен техникалық жабдықтар мұра болып қалды, бірақ тоқсаныншы жылдардың өзінде бұл уақыт лимитін іс жүзінде игерген газ инфрақұрылымы болды. Сонымен қатар, басқа республикалармен ондаған жылдар бойына қалыптасқан байланыс үзіліп, қатынастар таза нарықтық қатынастарға айналды, ал жаңа құрылған елде бұл үшін қаражат мүлде болмады.
«Бастама кілті»
Қазіргі таңда тоқсаныншы жылдар бос дүкендермен, жабылған кәсіпорындармен және жаппай жұмыссыздықпен, кешіктіріліп берілетін жалақымен және рубльдің шексіз құнсыздануымен қорқынышты түстей еске түседі.
«Бейнеу» компрессорлық станциясы, Маңғыстау облысы
Жаңадан құрылған республиканың бюджеті де тапшы болды, яғни электр, газ, су және жылумен қамтамасыз ету секілді адамдар үшін ең қажетті қызметтерде үнемі іркілістер болды. Көршілес жаңадан құрылған мемлекеттердің де жағдайлары жақсы болмады. Қазақстанға газ жеткізетін Өзбекстан мен Түркіменстан енді өз қызметтері үшін тұрақты валютаны талап етті, ал қаржы болмағандықтан, газ беру крандарын жауып, көгілдір отынды беруді тоқтатқан. Көп пәтерлі үйлердің аулаларында адамдар отбасыларына тамақ дайындау үшін от жағып, ал қыста адамдар пәтерлерінде тоңып отырды.
Осының бәрін бастан кешірдік, сол кездегі қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеу де, алайда бұл әрдайым сәтті болмады. Мысалы, газ саласы үшін тағы бір сыни кезең оны 1997 жылы бельгиялық «Трактебель» компаниясының басқаруына беру болды. Бірақ осы концессия жылдарында компания үкімет пен халық алдындағы міндеттемелерін орындамай, газды жай ғана тасымалдаумен және сатумен айналысты, бұл жағдайды ушықтыра түсті.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іске тікелей араласты. 2000 жылы Үкімет қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ компаниясы құрылды, оған барлық газ тасымалдау инфрақұрылымы табыс етілді. Үш жылдан кейін ол Республиканың газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға айналды, осылайша отандық газ саласын дамытуға «Бастама кілті» берілді.
Міне, тәуелсіз мемлекеттің газ саласының қалыптасу жолын оның ардагері Мұхатай Шаңбатыров осылай еске алады. Ол осы салада өз еңбек жолын үйренуші ретінде бастап, 47 жылдан астам еңбек етті және «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары лауазымында зейнетке шықты.
Мұхатай Шаңбатыров – газ саласының ардагері
- – Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін ел экономикасы, халық шаруашылығының барлық салалары, соның ішінде газ өнеркәсібі мүшкіл жағдайда қалды. Әдеттегі экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты өндірісте жаппай, жүйелі құлдырау орын алды, газдандыру деңгейі өте төмен болды. Өңірлердегі халық пен бытыраңқы газ шаруашылықтарының тұтынылған газ үшін төлем жасауға шамалары келмеді. Тасымалдау табыс әкелуді тоқтатты. Осының салдарынан қаражаттың тапшылығы, оған қоса тоқтаусыз инфляция бас көтертпеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары осындай болды, бірақ біздің еліміз осы кезеңнен де аман өтті.
90-шы жылдардың соңында газ саласының даму және өсу кезеңі басталды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай біз мақтан тұтарлық нәтиже де берді. Біздің еліміз қуатты және сенімді транзиттік бағыттарды қалыптастырды, біз газ ағындарын кез келген бағытта әртараптандыра аламыз.
Біз елдің газ бойынша ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеміз. Қазақстандықтар тіпті қыста газсыз, жылусыз қаламыз деп уайымдамайды. Осы жылдар ішінде «ҚазТрансГаз», біздің газ саласы адамдардың берік сеніміне ие болып, өзінің тұрақтылығына көз жеткізді. Бірақ мұндай сенімге ие болу өте күрделі және жылдам іске аспайтын процесс. Шынында да, біздің газ саласаның мамандары ешқашан жеткізуді, тасымалдауды және транзитті бұзбайды! Бұл қазақстандық газ саласының мамандары жоғары біліктілігі мен кәсібилігін көрсетеді, – деп атап өтті Мұхатай Шаңбатыров.
Біртұтас
Жаңадан құрылған компания үшін басым міндет оңтүстік өңірлерді тоқтаусыз газ берумен қамтамасыз ету болды, ал бұл үшін меншікті ресурстық база қажет болды. 2001 жылы Жамбыл облысындағы Амангелді газ конденсаты кен орнында алғашқы бұрғылау жүргізілді. Екі жылдан кейін кен орны пайдалануға берілді және онда өндірілген көгілдір отын оңтүстікте газ тапшылығының айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті. Бұл айтулы оқиға болып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Амангелдіде алғашқы газ өндіру рәсіміне қатысты.
2003 жылғы 23 қазанда «Амангелді» кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану басталды
Сол 2003 жылы «ҚазТрансГаз» және ресейлік «Газпром» Қазақстан аумағы арқылы түрікмен және өзбек газының үлкен көлемін тасымалдау бойынша ұзақ мерзімді келісімшарт жасады. Алынған қаражат еліміздің қалалары мен елді мекендерін газдандыруға күрделі қаржы салуға мүмкіндік берді.
Отандық газ саласы үшін «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры құрылысының жобасы серпінді жоба болды. Оны іске асыру республиканың транзиттік әлеуетін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао «Қазақстан-Қытай» МГҚ алғашқы желісін пайдалануға берді, Астана, 2009 жыл.
«Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры жалпы ұзындығы 7,5 мың шақырымнан асатын «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» трансшекаралық газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылады, оның ішінде Қазақстан аумағына 1,3 мың шақырымнан астамы тиесілі. 2017 жылы қазақстандық газды ҚХР экспорттау басталды.
«Қазақстан-Қытай» МГҚ КС 4 және 8 іске қосу, 2016 жылғы қыркүйек
«Қазақстан-Қытай» МГҚ сұлбасы
Қазақстандық газды ҚХР экспорттауды бастау рәсімі. «Ақбұлақ» ГӨС, 2017 жыл
«ҚазТрансГаз» жүзеге асырған және ұлттық игілік болып табылатын тағы бір жоба ұзындығы 1 454 шақырым және өткізу қабілеті жылына 15 млрд м3 болатын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры болды. Жобаның Қазақстан үшін аса маңызды стратегиялық мәні бар, өйткені соның арқасында республиканың оңтүстік өңірлерін табиғи газбен үздіксіз жабдықтауға қол жеткізілді.
Бұл бүкіл отандық газ саласы үшін өте маңызды, осы екі магистральдің құрылысы қазақстандық газдың экспорттық тасымалын әртараптандыруға мүмкіндік береді, бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құрып, яғни елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл «ҚазТрансГаз» ауқымды халықаралық жобаларды іске асырып қана қоймай, сонымен қатар компанияның газ саласында жеке жұмыс істейтін елдегі барлық газ инфрақұрылымын біртұтас етіп біріктіре алғанын көрсетеді.
Егер «ҚазТрансГаз» жұмысын қорытындылайтын болсақ, 21 жыл ішінде компания 10 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырларын салып, пайдалануға берді. Бүгінгі таңда 20 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырларын және 56 мың шақырымнан астам газ тарату желілерін басқарады.
Бүгінде «ҚазТрансГаз» көрші мемлекеттер үшін маңызды газ серіктесі болып саналады және қысқа мерзім ішінде Еуразия өңіріндегі транзиттік газ ағынының негізгі операторларының біріне айналды. Бұл газ тасымалдау бағытын дамыту саласында Қазақстанның бар мүмкіндіктерді барынша пайдаланғанын көрсетеді.
Газдандыру ғана емес, жаңғырту да бар
Компанияның жұмыс істеу барысында елді теңдесі жоқ газдандыру жүргізілді. Бүгінде газ Қазақстанның 14 өңірінің 12 қолжетімді. Ұлттық оператор халықтың жартысынан астамын қолжетімді, жайлы және экологиялық отынмен қамтамасыз етіп келеді, газдандыру үлесі 55% жетті, 10,2 млн адам газды пайдаланады. Тек соңғы 7 жылда 3 млн-нан астам қазақстандық осындай мүмкіндікке ие болды, халықты газдандыру деңгейі 2013 жылғы 30%, 2020 жылы 54% дейін өсті. Газдандырылған отандық кәсіпорындар саны екі есеге: 23-тен 725-ке, 54-тен 368-ке бизнес-субъектіге дейін ұлғайды.
Салыстыру үшін, егер 1991 жылы Қазақстанда газды ішкі тұтыну жылына шамамен 7,5 млрд м3 болса, 2020 жылы елдің газды ішкі нарықта тұтынуы 17 млрд м3 құрады, яғни екі жарым есе өсті.
Ол үшін газдандырудың өңірлік сызбалары әзірленді, тауарлық газ бойынша жаңартылған ресурстық база жасалды. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, осы саладағы ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдар жасалды.
«ҚазТрансГаз» газдандырған қалалар мен ауылдардың тізімі қомақты. Біз тек Қызылорда, Талдықорған, Шу, Зайсан, Түркістан, Арал, Қазалы, Байқоңыр, Қапшағай, Есік және Жаркент сияқты ірі қалаларды атап өтуімізге болады.
Шу қаласын газдандыру, 2012 жыл
Зайсан қаласында алау жағу, 2013 жыл
Газ Түркістанға келді, 2013 жыл
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан үшін жаһандық, тарихи мәселені шешуге қол жеткізілді – бұл елдің Елордасы Нұр-Сұлтанды, орталық және солтүстік өңірлерді газдандыру. Газ қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан қаласына келді, Теміртау, Қарағанды және Жезқазғаннан алғашқы абоненттер қосылды.
«АГТС-1» газынан алғашқы газ жіберу, 04 шілде 2020 жыл
Газдандыру бойынша жүзеге асырылған жобалар миллиондаған қазақстандықтарға өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, үй-жайларына жылу пен жайлылық әкелді.
Газдандыру Түркістан облысының орталығын түтіннен босатты, онда ауаның ластануы 65% – ға төмендеді.
Шымкент пен Таразда газ тарату желілерін жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыруға «ҚазТрансГаздың» меншікті қаражаты салынып, орасан зор жұмыс жүргізілді. Көптеген адамдар осы жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігіне күмәнданған, соған қарамастан қазір осы ірі қалаларда газбен жабдықтаудың ең озық жүйесі пайда болды.
Елді газдандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. Олар тек бюджет қаражаты есебінен ғана емес, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» қаражаты есебінен де қаржыландырылады. Соңғы жылдары мемлекеттік-жеке меншік әріптестік әдісі белсенді пайдаланылуда.
Тіпті әлемдік стандарттар бойынша мұндай ауқымды газдандыру мен жаңғырту ешқашан еш жерде жүргізілген емес.
Газ саласы үшін жаңа дәуір
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің осы мерейтойлық жылында «ҚазТрансГазға» Үкімет қаулысымен Ұлттық компания мәртебесі берілді.
Бұл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жасалды, ол министрлер кабинетіне газ операторын толыққанды тікелей біріктірілген компанияға айналдыру тапсырмасын берді.
Олег Червинский
Мұнай-газ бойынша сарапшы, Petroleum журналының бас редакторы Олег Червинскийдің пікірінше, Қазақстанда газ саласы ұзақ уақыт бойы орынсыз екінші рөлдерде болып келді.
– Мұнай-газ бойынша сарапшы, Petroleum журналының бас редакторы Олег Червинскийдің пікірінше, Қазақстанда газ саласы ұзақ уақыт бойы орынсыз екінші рөлдерде болды. Бұл жағдайда «ҚазТрансГазды» дербес газ компаниясына бөлу және оған қосымша функциялар беру – орынды уақытылы шешім. Газ саласындағы баға белгілеу реформасымен Қазақстанда әлі де ашылмаған газ кен орындарын барлау мен игеру тиімді болады деген үміт бар. Сол Аралдағы болашағы бар шөгінді бассейндерде жаңа ашылулар болатынынына сенемін, – деп атап өтті сарапшы.
Еліміздің газ саласындағы ауқымды өзгерістер 2014 жылдан бастап Қайрат Шәріпбаевтың тікелей басшылығымен жүргізіле бастады. Ол «ҚазТрансГазды» жаңа деңгейге шығара алған мықты әрі табысты команда құрды. Қайрат Шәріпбаевтың өзі осы жылдары компанияның Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2020 жылдың қараша айында ҚТГ жаһандық реформасы қарсаңында ел басшылығы оны тағы да «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма төрағасы етіп тағайындады.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде газ саласы үлкен жолдан өтті – жаңа газ құбырларын салып, бүгінде Қазақстан жаһандық экспорттық газ ағындарында өзінің транзиттік жағдайын тиімді пайдалануда. Елді газдандыру көрсеткіштері түбегейлі өзгерді, астананы газдандырудың тарихи міндеті шешілді. Қазір ұлттық компания, менің ойымша, жаңа үлкен серпіліс табалдырығында тұр және біз бәріміз оның куәгері боламыз.
«ҚазТрансГазға» ұлттық компаниясы мәртебесі беріле отырып, газ және газ конденсатты кен орындарында барлау және өндіру бойынша құқыққа басымдылық берілді.
ҚР магистральдық газ құбырларының картасы
Мұның бәрі табиғи газды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау қазір мемлекеттің энергетикалық теңгерімінде басым мәнге ие болып отырғанын көрсетеді. Бұл «ҚазТрансГаз» алдына бірқатар маңызды міндеттер қояды.
Біріншіден, газдың ресурстық базасының жедел өсуі, екіншіден, тауарлық газ өндірісін ынталандыру, үшіншіден, қолданыстағы және жаңа кен орындарында геологиялық барлау және газ өндіру. Сондай-ақ негізгі міндет елдің газ тасымалдау және газ тарату инфрақұрылымын жаңғырту болып табылады.
Ең бастысы, бұл міндеттердің барлығын «ҚазТрансГаз» шынайы іске асыра алатындығын компания өзінің жұмыс істеген жылдарында дәлелдеді. Жаңа мәртебеге ие болып, өз мүмкіндіктерін кеңейте отырып, компания транзиттік және экспорттық әлеуетті пайдалана отырып, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып, елді газдандыруды жалғастыра береді.
Источник : https://forbes.kz/process/renessans_kazahstanskoy_gazovoy_otrasli/