Газшылар арасындағы үздіктердің үздігі
Осы күндері Қазақстанның газ саласында техникалық мамандар элитасының, өз қолдарымен саланың болашағын жасайтын адамдардың жұмыс істейтініне барша көз жеткізе алды.
Газ саласы жұмыскерлері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін “Үздік маман-2021” кәсіби шеберлік конкурсының қорытындысы шығарылды.
Ұлттық оператор “ҚазТрансГаз”АҚ компаниялар тобының жұмыскерлері арасында жеңіске жетіп қана қоймай, тіпті осы іс-шараға қатысудың өзі беделді болып саналады. Бұл туралы финалистердің санынан байқауға болады – 92 газшы ең жоғары балл жинады. Бұған дейін үміткерлер 15 конкурстық мамандықтан теорияны білу бойынша тестілеуден өткен.
“Үздік маман” конкурсы жыл сайын екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – филиалдарда, екіншісі – жалпы компания деңгейінде. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіби шеберлікті жетілдіру, әріптестермен жұмыстың озық әдістері мен тәсілдерін, елдің газ тасымалдау жүйесінің апатсыз, жоғары өнімді, сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәсілдерін білу және бөлісу мүмкіндігі.
“Үздік маман-2021” алғаш рет Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылының маңында орналасқан “Интергаз Орталық Азия” АҚ-тың өз оқу-курстық комбинатының жаңа полигоны базасында өтті. Салтанатты рәсімді компания бас директорының бірінші орынбасары Бақтияр Ізбасаров ашты, ол символикалық қызыл лентаны қиып, оқу полигонын ресми түрде іске қосты. Енді мұнда жыл сайын 48 мамандық бойынша 10 мың жұмыскер оқытудан өтіп, өз біліктілігін арттыратын болады.
Бахтияр Ізбасаров атап өткендей: “ҚазТрансГаз мамандары қауіпті нысандарға қызмет көрсетеді, сондықтан әрбір жұмыскердің жоғары біліктілігі өте маңызды. Сондықтан конкурсқа теориялық та, практикалық та байыпты дайындық қажет. Осылайша, жұмыскерлер шеберлік деңгейін қосымша арттырады. Газшылар бай тәжірибе мен жоғары кәсібилікті пайдалана отырып, алдағы уақытта да “ҚазТрансГаз” ұлттық операторының жоғары беделін сенімді ұстап, белгіленген межеге жетуді қамтамасыз ететініне, саланың үздік дәстүрлерін сақтап, көбейтетініне сенімдімін”.
Екі күн ішінде жарыстар өткізілген мамандықтардың әрқайсысында көшбасшылар анықталды. Барлық жүлдегерлер жоғары кәсібилігі үшін дипломдар мен жалақыға айтарлықтай ақшалай үстемеақы алды.
Бір қызығы, қатысушылар арасында, әдетте, тек ер адамдар болушы еді, биылғы жылы әйелдер де пайда болды. Солардың бірі, кезінде Атырау Мұнай және газ институтын “Жас маман” бағдарламасы бойынша бітірген БӨАжА слесарі Әсел Төреханова. Әсел газ саласына әкесінің ізін жалғастырып келгенін айтты. “Мен байқауға арнайы дайындықпен келдім, бірақ мен бәрін білемін деген ой болғанымен, бәрібір менде алаңдаушылық болды. Үйде үш балам және күйеуім күтіп отыр. Жолдасым да “Интергаз Орталық Азия” компаниясында БӨАжА инженері болып жұмыс істейді. Онымен бір жылда бірге жұмысқа тұрып, сол жерде танысып, содан кейін үйлендік. Әрине, менің мамандығым ер адамдарға арналған жұмыс болып саналады. Негізінен ер адамдар слесарь болып жұмыс істейді. Биік белестерді бағындыру үшін көп оқып, үнемі өз деңгейіңді көтеріп, кәсіпорында орнатылып жатқан жаңа жабдықтарды зерделеу қажет” – дейді Әсел Төреханова.
“Жерасты құбырларын қорғау” мамандығы бойынша Шымкент қаласынан келген монтер Александр Галиев жеңімпаз атанды.
– “Интергаз Орталық Азия” АҚ-та мен бесінші жыл жұмыс істеймін. Ал кәсіби конкурсқа екінші рет қатысып отырмын, 2018 жылы екінші орын алдым, әрине жеңіс туралы да армандамадым дей алмаймын, сондықтан өз күшімді тағы да сынап көрейін деп шештім. Осы жолы жолым болып, жеңіске қол жеткіздім! Қарсыластарыма рахмет, олар өте мықты болды,- деп “Үздік маман-2021” жеңімпазы атап өтті.
Кәсіби шеберлік конкурсы “ҚазТрансГаз” компаниялар тобының корпоративтік дамуының маңызды элементі болып табылады.