«0- 1454 км-ге дейінгі учаскеде «ББШ» МГҚ арқылы тұрақты өткелдер мен СӨҚ жайластыру» қайталама ашық тендері туралы хабарландыру

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС  «0- 1454 км-ге дейінгі учаскеде «ББШ» МГҚ арқылы тұрақты өткелдер мен СӨҚ жайластыру»  жөніндегі қайталама ашық тендердің өткізілетіні туралы хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.

Әлеуетті жеткізушілердің  тендерлік өтінімдері тек курьерлік қызмет арқылы мына мекенжайға жіберіледі: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 1 қыркүйек  күні, сағат 10.00 дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2021 жылғы 1 қыркүйек күні, сағат 12.00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342-36-58 телефоны арқылы алуға болады.