«Сақиналы дәнекерленген жіктерді бұзбай бақылау бойынша қызмет көрсету» ашық тендері туралы хабарландыру

3  +  5  =  

«Бейнеу-Шымкент Газқұбыры»  ЖШС «Сақиналы дәнекерленген жіктерді бұзбай бақылау бойынша қызмет көрсету» ашық тендердің өткізілетіні  туралы  хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.

COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы салдарынан  қалыптасқан жағдайға  байланысты тендерлік құжаттаманың көшірмесін алу үшін әлеуетті жеткізуші  тендерлік құжаттаманың көшірмесін, сондай-ақ  әлеуетті жеткізушінің  сенім білдірілген  өкіліне тендерлік құжаттаманы алуға арналған сенімхаттың түпнұсқасын және жеке куәліктің көшірмесін алған күнге дейін 5 (бес күннен) аспайтын мерзімде алынған ПТР  тестінің теріс  нәтижесін ұсынуы қажет. Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша алуға болады:А05А2К5, Алматы қ.,  Абылай хан  даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA  БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.

Әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдері тек курьерлік қызмет арқылы жоғарыда көрсетілген  мекенжайға жіберіледі.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы «18» тамыз күні, сағат 10.00 дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2021 жылғы «18» тамыз күні, сағат 12:00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).

Конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті жеткізушілердің  өкілдеріне 2021 жылғы «18» тамыз дейін 5 (бес күннен) аспайтын мерзімде  алынған ПТР тестінің теріс нәтижесі болған кезде, сондай-ақ конверттерді ашу рәсіміне қатысуға әлеуетті жеткізушінің  сенім білдірілген өкіліне сенімхаттың түпнұсқасын және жеке куәлігінің көшірмесін ұсынған кезде ғана рұқсат етілетін болады.

Файл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342 36 58 телефоны арқылы алуға болады.