4 + 5 =
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Техникалық құжаттаманы бақылау жүйесіне қызмет көрсету бойынша қызметтерін сатып алу ашық тендерінің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдері тек курьерлік қызмет арқылы мына мекенжайға жіберіледі: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттар мониторингі департаменті.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 7 шілде күні, сағат 10.00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2021 жылғы 7 шілде күні, сағат 12.00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат).
Covid-19 коронавирустық инфекциясы пандемиясы салдарынан қалыптасқан жағдайға байланысты конверттерді ашу рәсіміне әлеуетті өнім берушілердің өкілдері жоғарыда көрсетілген күнге дейін 5 (бес күн) аспайтын алынған ПТР тестінің теріс нәтижесі болған кезде, сондай-ақ сенімхаттың түпнұсқасын және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға әлеуетті өнім берушінің сенім білдірілген өкіліне жеке куәлігінің көшірмесін ұсынған кезде ғана жол берілетін болады.
Файл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді
Аккаунт бар ма? |
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342-38-78 телефоны арқылы алуға болады.