«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2021 ж. 31 наурыз күні 11 сағат 45 минутта, келесі мекенжай бойынша: Алматы қ, Абылай хан даңғылы, 53 өткізілген «Электрондық құжат айналымы жүйесіне техникалық қызмет көрсету» сатып алу жөніндегі ашық тендердің қорытындысын хабарлайды. Жеңімпаз болып: «QBG Partners» ЖШС, заңды мекенжайы: ҚР, Алматы қаласы, Ибрагимов көш., 9, 305 кеңсе танылды. Өтінім сомасы ҚҚС есептемегенде 23 399 000, 00 (жиырма үш миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың) теңгені құрады.