Бас директордың корпоративті даму жөніндегі орынбасары - Дай Вэйшен

Дай Вэйшен, 1966 жылы дүниеге келген, ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының тумасы. 2006 жылы Алматы қ. Абай атындағы  Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Экономика Магистрі дәрежесін алды.

2006 жылдан 2014 жылға дейін CPPE (Kazakhstan) LLP («ЧППИ (Қазақстан)» ЖШС) Бас директорының әкімшілік бөлім бойынша орынбасары лауазымын атқарды. 2014 жылдан 2020 жылға дейін «Транс Таджик Газ Пайплайн Компани Лимитед» (TTGP) компаниясы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қараша айында  – «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.