«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2020 ж. 28 қазан күні 12 сағат 00 минутта келесі мекен-жай бойынша: Алматы қ, Абылай хан даңғылы, 53, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының геоақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жұмыстарын сатып алу жөніндегі ашық тендер қорытындысын хабарлайды. «Sapa Software (Сапа Софтвер)» ЖШС жеңімпаз болып танылды, заңды мекен-жайы: ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы, Әлихан Бөкейхан көш., 12 ғимарат, «Болашақ» БО, өтінім сомасы ҚҚС есептемегенде 522 050 000, 00 (бес жүз жиырма екі миллион елу мың) теңге және ҚҚС есептегенде 584 696 000, 00 (бес жүз сексен төрт миллион алты жүз тоқсан алты мың) теңге.