Первые жители столицы получили документы на газификацию
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Сарыарқа» ауданының алғашқы тұрғындары газға қосылу техникалық шарттардын алды. Елордада жеке меншік үй иелерінен орталық газбен жабдықтауға қосылу өтінімдерін қабылдау 4 тамызда басталды.
Қазақстанның бас қаласында газ құбырларын пайдаланумен айналысатын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясымен азаматтарды қабылдау үшін үш фронт-кеңсенің жұмысы ұйымдастырылды.
Газбен жабдықтау желілеріне қосылуға өтінімдер Көктал, Көктал-2, Агроқалашық, Железнодорожный, Промышленный тұрғын алаптарының тұрғындарынан қабылданады.
Өз үйлерін газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін жеке тұлғалар ұсынуы тиіс сұлба әзірленді және құжаттар тізімі бекітілді.
Газ саласы қызметкерлерінің айтуынша, жылыту маусымы басталғанға дейін аз уақыт қалды, сондықтан техникалық шарттарды алуға және үйлерді газға қосу бойынша жұмыстарды жүргізуге асығу қажет.
«Сарыарқа» ауданындағы тұрғын алаптарына техникалық шарттар Көкталда орналасқан Болашақ көшесі, 4/2 бойынша фронт-кеңседе беріледі. «Алматы» ауданындағы тұрғын алаптарының тұрғындары Железнодрожный тұрғын алабында орналасқан Жабаев көшесі, 12/2 мекенжайындағы фронт-кеңсеге және Промышленный тұрғын алабында орналасқан Шалкөде көшесі, 3 мекенжайындағы фронт-кеңсеге хабарласулары керек. Жұмыс кестесі сағат 9.00 – 18.00 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.00 дейін.
Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқа фронт-кеңселерінде қалалық және аудандық әкімдіктердің, мердігерлік ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді, олар алдағы газдандыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес беруге дайын.
Көктал тұрғын алабында жұмыс істейтін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ менеджері Айдын Шаймерденовтің сөзінше, тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылық байқалады. Біздің кеңсеге күніне 60-қа жуық адам келеді. Біз газға қосылу рәсімін түсіндіреміз. Мысалы, бүгін құжаттардың толық пакетін тапсырған тұрғындарға техникалық шарттар берілді. «Айта кету керек, техникалық шарттар тегін беріледі», – деді Айдын Шаймерденов.
Газбен жабдықтауға қосылу үшін өтініштерді тек жеке тұлғалар ғана емес, сондай-ақ объектілері газдандырылған тұрғын үй алаптарында орналасқан заңды тұлғалар да бере алатынын атап өту керек.