«Ақбұлақ» ГӨС тазарту торабы үшін шарлы крандарды сатып алу ашық тендері туралы хабарландыру

68  +    =  69

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік««Ақбұлақ» ГӨС тазарту торабы үшін шарлы крандарды сатып алу ашық тендерінің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін 2020 жылғы 3 ақпан күні (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10 қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаментінен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады.

Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • – Тендерлік құжаттаманы алу үшін әлеуетті жеткізуші өкілінің сенімхаты (түпнұсқа).

Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген әлеуетті жеткізушінің тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салып., желімдеген түрде, әлеуетті жеткізушілер «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекенжай бойынша: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10 қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаментіне ұсынады (жолдайды).

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2020 жылғы 4 ақпан күні, сағат 10.00 дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2020 жылғы 4 ақпан күні, сағат 12.00 келесі мекенжай бойынша ашылады: А05А2К5, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (9 қабат). Әлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.

Тендерлік құжаттама.pdf

Файл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342-36-58 телефоны арқылы алуға болады.