Данияр Серікұлы Ахметов 1981 жылы 14 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек қызметі
2000ж. – 2001ж. «ZHERSU ИӨК» ЖШС, Қаржы бөлімінің бас менеджері.
2001ж. – 2008ж. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы («KEGOC» АҚ), Экономика, Қаржы басқармасы, клиринг, Материалдық-техникалық жабдықтау және Сатып алу басқармасы Департаменттерінде жұмыс істеді.
2008ж. – 2010ж. «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр желілері» филиалы, Филиал директорының экономика жөніндегі орынбасары.
2011ж. – 2012ж. «Кара-А» ЖШС, Директордың орынбасары.
2012ж. — 2019ж. «Оңтүстiк Халал Тағамдары» ЖШС, Бас директор.
2019 жылғы қарашадан бастап «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.