Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен «Қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету» қайта сатып алуды өткізу туралы хабарлама

  +  66  =  71

Қайта сатып алуға Тапсырыс беруші және Ұйымдастырушы болып табылатын «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік), мекенжайы: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, келесі көлемде және келесі шарттар бойынша баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен «Қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету» қайта сатып алудың өткізілетіні жөнінде хабарлайды:

1. Қайта сатып алудың атауы: «Қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету».

2. Сатып алынатын қызметтің қысқаша сипаттамасы, қызмет көрсетудің талаптары және мерзімі, көлемі, төлем талаптары мен мерзімі техникалық сипаттамада және сатып алу жөніндегі шарт жобасында көрсетілген.

3. Қызмет көрсету орны: техникалық сипаттамаға сәйкес.

4. Техникалық сипаттама пен сатып алу туралы шарттың жобасын 2019 жылғы «17» Қазан күні, сағат 09:00 ден 2019 жылғы «23» қазан күні, сағат 18:30 дейінгі мерзімде (қоса есептегенде) келесі мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылай хан даңғылы 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10 қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаментінен, күн сайын, мереке және демалыс күндерінен басқа күндері, 09:00 -18:30 дейін (түскі үзіліс 13:00 – 14:30 дейін) келесі құжаттарды ұсынған соң алуға болады:

1) Аталған сатып алуға қатысу туралы хат-өтініш;

2) Техникалық сипаттама пен шарттың жобасын алуға әлеуетті жабдықтаушы өкілінің сенімхаты мен баға ұсынысымен конверт ұсыну.

5. Аталмыш баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алуға тілек білдірген әлеуетті жабдықтаушы заңды тұлғалардың қолы және мөрімен бекітілген, жеке тұлғалардың қол қоюымен (мөрімен, егер ол болған жағдайда) бекітілген, құрамында келесі мәліметтер мен құжаттары бар бағалық ұсынысты білдіруі керек:

1) Әлеуетті жабдықтаушының атауы, заңды және тұрғылықты мекенжайы, БСН (заңды тұлғалар үшін), патент нөмірі және жеке басын анықтайтын құжат (төлқұжат), тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты орны, ЖИН (жеке тұлғалар үшін) және банк деректемелері;

2) Көрсетілетін қызмет атауы, сипаттамасы және көлемі;

3) Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің орны және мерзімдері;

4) Қызметтер бірлігінің бағасы мен қызметтердің жалпы бағасы көрсетілген баға ұсынысы, ҚҚС есептемегенде, қызметтерді көрсетумен байланысты шығындарды қосқанда;

5) Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәлік көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркеу жөніндегі құжат көшірмесін;

6) Лицензия көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданатын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жабдықтаушының өтінішін (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе);

7) Әлеуетті жабдықтаушы қол қойған техникалық сипаттаманы (егер баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алудың өткізілуі туралы хабарламада техникалық сипаттама болса және әлеуетті жабдықтаушының техникалық сипаттаманы беруі жөнінде талап қойылса);

8) ҚҚС бойынша есепке тұру жөніндегі куәлік көшірмесі (болған жағдайда);

9) Жарғының көшірмесі.
Әлеуетті жабдықтаушы тек 1 (бір) баға ұсынысын білдіруге құқылы, оған өзгерту және (немесе) толықтыру енгізуге тиым салынады. Баға ұсыныстары қызмет көрсетумен байланысты салық (ҚҚС қоспай) және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдерді (қажет болған жағдайда сақтандыру) қосқанда барлық шығындарды қамтуы тиіс және жабық конвертке салынып беріледі, оның алдыңғы бетінде әлеуетті жабдықтаушы келесіні көрсетуі тиіс:

1) әлеуетті жабдықтаушының толық атауы және пошталық мекенжайы;

2) сатып алуды ұйымдастырушының атауы және пошталық мекенжайы, ол хабарландыруда көрсетілген үйлес мәліметтерге сәйкес болуы тиіс;

3) әлеуетті жабдықтаушының баға ұсынысын сипаттайтын қатысу үшін сатып алудың атауы.

6. Баға ұсынысы Техникалық сипаттамада көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

7. Қайта сатып алу жөніндегі шарт баға ұсынысы ең төмен әлеуетті жабдықтаушымен жасалады. Бұл ретте, жеңімпаз болып танылған әлеуетті жабдықтаушы, өз біліктілігін растау мақсатында келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін, жеке тұлға үшін кәсіпкерлік субъект ретінде тіркеу жөніндегі құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

2) лицензияның нотариалды түрде куәландырылған көшірмесін немесе лицензиялаудың электрондық жүйесін қолданытын лицензия берген мемелекеттік органның ресми интернет көзіне (веб-сайт) сілтеме жасалған әлеуетті жабдықтаушының өтініші (егер сатып алу шартына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын қызмет талап етілсе);

3) Қосылған құн салығы бойынша есепке тұру жөніндегі куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);

4) Жарғының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі.
Баға ұсыныстары конверттерін ұсынудың аяқталу мерзімі: 2019 ж. «24» қазан күні сағат 10:00.
Баға ұсыныстарымен ұсынылған конверттердің ашылуы: 2019 ж. «24» қазан күні, сағат 12:00, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залында (10 қабат) өтеді.
Баға ұсыныстары келесі мекенжай бойынша ұсынылады: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10-қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаменті.

8. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен «Қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету» Қайта сатып алуға бөлінген сома ҚҚС есептемегенде 7 085 600,00 теңгені құрайды

9. Баға, ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алу жөніндегі шарт сатып алу қорытындылары жарияланған мерзімнен 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8 (727) 342-37-84 телефоны бойынша алуға болады.

Проект договора CИЗ.pdf
Приложение к Договору СИЗ Тех. спец..pdf

Файл доступен только зарегистрированным пользователям.