Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлей отырып «Ақбұлақ» ГӨС жөндеу-пайдалану блогының құрылысын салу қызметтерін сатып алу жөніндегі қайта ашық тендер туралы хабарлама

54  +    =  64

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлей отырып «Ақбұлақ» ГӨС жөндеу-пайдалану блогының құрылысын салу қызметтерін сатып алу жөніндегі қайта ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін 2019 жылғы 16 қыркүйек (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан данғылы, 53 үй, 10 қабат,

«Тендiрлiк рәсiмдер және келiсiм шартар мониторинг департаментi», демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері күн сайын, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс)  алуға болады.

Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін тiзiмде көрсетiлгендi тапсыру қажет:

  1. Ықтимал жабдықтаушы өкілілінің сенімхаты (түпнұсқа);
  2. Ықтимал жабдықтаушы өкілілінің жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
  3. 512 Мб (мегабайт) кем емес бос орын бар электрондық сақтау жетегі («флэш-карта»).

Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекен-жай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Абылай хан данғылы, 53 үй, 10 қабат, «Тендiрлiк рәсiмдер және келiсiм шартар мониторинг департаментi» (жібереді).

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2019 жылғы 17 қыркүйек, сағат 10.00 дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2019 жылғы 17 қыркүйек, сағат 11.00 келесі мекен-жай бойынша ашылады: 050000,  Алматы қаласы, Абылай хан данғылы, 53 үй, 10 қабат, мәжiлic зал. Ықтимал жабдықтаушылар, коверттердi ашу рәсiмiне қатысу үшін  берiлген сенімхат бар болған жағдайда, тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.

Тендерлік құжаттама.pdf

Файл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342-37-00 телефоны арқылы алуға болады.