33 + = 39
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Компрессорлық станцияның апаттық қоры үшін материалдарды сатып алуға ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетін 2019 жылғы 19 тамызға дейін (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, 050004, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10 қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаменті , демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс).
Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
– Тендерлік құжаттаманы алу үшін ықтимал жабдықтаушы өкілілінің сенімхаты (түпнұсқа).
Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекен-жай бойынша: 050004, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, 10 қабат, Тендерлік рәсімдер және келісімшарттарды мониторингтеу департаменті.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2019 жылғы 20 тамыз, сағат 10.00 дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2019 жылғы 20 тамыз, сағат 12.30 келесі мекен- жай бойынша ашылады: 050004, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 53, ABYLAI KHAN PLAZA БО, мәжіліс залы (10 қабат). Ықтимал жабдықтаушылар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 342-37-25 телефоны арқылы алуға болады.
Тендерная Документация.pdfФайл тек тіркелген пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Аккаунт бар ма? |