«ҚазТрансГаз» АҚ компанияны дамытудың «Газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» атты стратегиялық жоспарын іске асыруға кірісті
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Астана қ. |
27 тамыз 2015 ж. |
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобын одан әрі дамытудың – «Газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» атты стратегиялық жоспарын әзірледі және бекітті.
«ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамында және мұнай-газ секторындағы отандық кәсіпорындардың арасында осындай стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыратын алғашқы компания болып отыр.
Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордың стратегиялық бағдарламасында көрсетілген барлық қадамдар, жаңа бағыт-бағдарлар ғана емес, сонымен қатар ҚазТрансГаз компаниялар тобы жүзеге асырып отырған нақты іс-қимылдардан жасақталған. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген бес институционалдық реформаны іске асырудың 100 нақты қадамы шеңберінде компания қызметінен мемлекет үшін барынша пайда келтіруге мүмкіндік береді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның стратегиялық бағдарламасы мынадай алты негізгі блоктан тұрады:
1. Кадр саясатын және әлеуметтік саясатты жетілдіру
2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
3. Индустрияландыру және экономикалық өсу
4. Инновациялық даму және прогрессивті техникалық саясат
5. Ресурстық базаны ұлғайту
6. Басқару жүйесін және бизнес-процестерді жетілдіру
Жоспарды іске асырудың басты мақсаттары – сұйытылған газ нарығы саласын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы газ секторының Ұлттық операторы болу, компанияның кредиттік және инвестициялық рейтингін жақсарту, инвестициялық тартымдылықты арттыру. Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан Үкіметі мақұлдаған елімізді газдандырудың Бас сызбасын табысты іске асыру «ҚазТрансГаз» АҚ-ның басым міндеттерінің бірі болып қала береді.
Ақпарат: «ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіру, өңдеу, тасымалдау және газ өнімдерін өткізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
“ҚазТрансГаз” АҚ Баспасөз қызметі,
байл. тел: +7(7172)-55 23 16