«ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің Батысын Оңтүстікпен қосты.
Баспасөз-хабаралама
«ҚазТрансГаз» АҚ еліміздің Батысын Оңтүстікпен қосты.
Астана |
2015 ж. 25 қараша |
«ҚазТрансГаз» АҚ халықаралық капитал нарығындағы 2007 жылы шығарылып 2017 жылға дейін айналымда болатын облигацияларын ішінара қайта сатып алу жөніндегі мәмлені табысты аяқтады. Жалпы номиналды көлемі 270 000 000 (екі жүз жетпіс миллион) АҚШ долларына тең құнды қағаздар еврооблигацияларды ұстаушыларға жариялы ұсыныс жіберу (Сash only tender offer) арқылы сатып алу жүзеге асырылды.
«Ситигруп Глобал Маркетс Лимитед» (Citigroup Global Markets Limited), «Ай-Эн-Джи Банк Н.В., Лондонский филиал» (ING BankN.V., London Branch) және «Натиксис Секьюритез Америкас ЛЛС» (Natixis Securities Americas LLC) компаниялары облигацияларды сатып алу жөніндегі дилер-менеджерлер болып табылады.
Мәмлелерді табысты аяқтау компанияға өз борыштық міндеттемелерін оңтайландыруға, валюталық тәуекелдерді азайтуға және борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төмендетуге мүмкіндік берді. Еврооблигацияларды ішінара мерзімінен бұрын сатып алу компанияның қаржылық тұрақтылығы мен жүргізіліп жатқан өтімділікті басқару саясатының тиімділігін растайды. Осы шараны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі шамамен 3 млрд. теңгені құрады.
«ҚазТрансГаз» АҚ облигациялардың қалған бөлігін сатып алуды жақын арада жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
“ҚазТрансГаз” АҚ – газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстанның ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіретін, тасымалдайтын және газ өнімдерін қайта өңдеумен, сатумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
Тел: 8(7172) 55 23 16