ЧТПЗ Бейнеу-Бозой-Шымкент құбыр жолының 2-ші кезегі үшін 10 мың тонна ТКД жеткізеді.
Челябинск. 27 наурыз. “Челябинский трубопрокатный завод” ААҚ наурыз-сәуір айларында Қазақстандағы Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу үшін 10 мың тонна үлкен диаметрлі құбыр (ҮДҚ) жеткізеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Келісімшарттың талаптарына сәйкес ЧТПЗ тапсырыс берушінің атына диаметрі 1067 мм, қабырғасының қалыңдығы 11,9 мм, Х70 беріктік сыныбы табағынан сыртқы үш қабатты коррозияға қарсы жабыны бар, “Магнитогорск металлургия комбинаты” ААҚ шығарған құбырларды жөнелтеді. Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры екі кезеңде салынып жатыр. ЧТПЗ бірінші кезегін іске асыру үшін 2012 жылы 100 мың тоннадан астам ҮДҚ жеткізді. Құбыржолының бірінші желісі 2013 жылы пайдалануға берілді, екінші кезектегі құрылысты 2016 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. Жобаны Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасымен бірлесіп жүзеге асыруда. ЧТПЗ тобы қара металлургия кәсіпорындары мен компанияларын – “Челябинский трубопрокатный завод” ААҚ, “Первоуральский новотрубный завод” ААҚ (MOEX:PNTZ), “Мета” ЖШҚ металл сынықтарын дайындау және қайта өңдеу жөніндегі компанияны, “ОРАЛТРУБОСТАЛЬ “СҮ” ЖАҚ металл сауда бөлімшесін және “Римера”ЖАҚ компаниясы ұсынған мұнай сервистік дивизионды біріктіреді. ЧТПЗ тобының активтерін басқаруды Arkley Capital компаниясы жүзеге асырады.