Тұңғыш Президент Күніне орай «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан тарихында ірі газ тасымалдау жобасын іске қосты.

Баспасөз-хабаралама  

Тұңғыш Президент Күніне орай   «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан тарихында ірі газ тасымалдау жобасын іске қосты.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы

2015 ж. 30 қараша

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісін пайдалануға енгізді. Бұл оқиға энергетикалық және өңірлік әріптестік саласындағы ірі халықаралық жобаның қорытындылаушы кезеңі болды.

«Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісін пайдалануға беру және осы газ құбырының барлық 3 желісінің жұмыс істеуі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық газ тасымалдау жобасы болып табылады. Маңызды экономикалық және геосаяси мәнге ие бұл жоба Түрікменстанды, Өзбекстанды, Қазақстан мен Қытайды «достық көпірімен» жалғап, Елбасының интеграциялық саясатымен үндесті. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев энергоресурстарды жеткізудің жаңа тиімді бағыттарын құруды және олардың бағыттарын әртараптандыруды тапсырған болатын. «ҚазТрансГаз» АҚ бұл міндетін орындады деуге болады. «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының барлық үш «А», «В» және «С» желілерінің жобалық өнімділігі жылына 55 млрд. м3. құрайды. Осы газ құбыры арқылы Қытай бағытына Түрікменстан, Өзбекстан мен Қазақстанның газы тасымалданады. Осылайша өзіміздің барлық көліктік әлеуетімізді пайдалана отырып, біз жаңа экспорттық бағыттар аша білдік. Мұндай стратегия әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында да біздің инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етуімізге және жаңа жұмыс орындарын құруымызға  мүмкіндік береді. Мәселен, бір ғана «С» желісін салуға 4 мыңнан астам маман жұмысқа тартылды», – деп атап өтті «ҚазТрансГаз» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев. Оның айтуынша, тек 2008-2015 жылдар аралығында мемлекеттік бюджетке
$1,2 млрд. астам қаржы төленген.

Газ тасымалдау саласындағы маңызды жобаның іске қосылуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге орайластырылған. Іс-шараға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев, ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев, «ПетроЧайна» компаниясының вице-президенті Люй Гунсюн қатысты.

Жобаға қатысып отырған қытай тарапы объектіні жоспарланған мерзімінен бұрын тапсырғаны үшін алғыс білдіре отырып, құбыр төсеу және компрессорлық станцияларды тұрғызу жөніндегі жұмыстардың сапасын жоғары бағалады.

«Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбыры жалпы ұзындығы
7,5 мың км. «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» трансшекаралық газ құбырының құрамдас бөлігі болып табылады.

«Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісінің ұзындығы 1303 км. құрайды. Бүгінгі таңда нысан барлық технологиялық сынақтардан табысты өтті. «С» желісі «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «А» және «В» желілерімен бір техникалық дәлізде орналасқан және құбыр бойындағы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының тұтынушылары үшін газ алу мүмкіндігі қарастырылған.

«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Баспасөз қызметі

Тел:  7(7172)-55 23 16

1                       2                       3                       4                       5                                                 6                       7                       8                       9                       10                       11

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye