Туған жерге туың тік.
Нағи Инусұлының бала кезіндегі арманы өз жекеменшік кемесімен жер шарын айналып саяхат жасау еді. Дәл осылай армандауының себебі әкесі Инус сол заманда Арал теңізінде кеме капитаны болып қызмет етті. Нағидың балалық шағы Бұхара-Орал газ құбыры кесіп өтетін Бозой ауылында өтті. Жергілікті мектептің ұстаздары оқушыларды сол аймаққа қажетті мамандықты игеруге бағыттай отырып, жеткіншектерді компрессор станциясына жиі саяхаттататын. Бұл жағдай оның болашақта қандай мамандықты таңдайтынына көмектесті десе де болады. Бала кезде осындай шешім қабылдғанына есейіп ержеткенде де Нағи Инусұлы еш өкінген емес. Басқа басқа, ал Нағидың өмір жолына көз салсақ, «туған жерге туың тік» деген мақал оған арнап шығарылғандай дерсің.
1990 жылы Нағи Инусұлы «техник-құрылысшы» мамандығы бойынша Ақтөбе құрылыс техникумын аяқтайды. Қайта құру жылдары осы саланың мамандарына қажеттілік болмағанымен ол теоретикалық білімін тәжірибе жүзінде қолданып үлгерді. СУ-3 «Қарашығанақгазқұрылыс» тресінде жұмыс істеп, аздаған тәжірибе жинақтады. Учаскенің басшы шебері қызметінен бас тартқан ол 1990 ж. «Оралтрансгаз» ӨБ КС-10 Арал ЖӨБ технологиялық компрессор машинисі болып жұмыс істеді. Бес жыл ішінде технология жабдықтарын жөндеу бойынша аға инженер қызметіне дейін көтерілді және осы қызметті сегіз жыл атқарды.
Осы кездерде Қызылорда мемлекеттік университетінің «Газ-мұнай құбырларын және газ-мұнай қоймасын жобалау, құрастыру және пайдалану» факультетінде «инженер-механик» мамандығы бойынша сырттай оқып, осы оқудың толық курсын жақсы үлгеріммен аяқтап та алды.
2003-2006 жж. Н.И. Әбуов «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» МГҚБ КС бөлімінің 1 санатты маманы ретінде барлық идаралық бағыныстағы бөлімшелерде КС қызметінің жұмысын үйлестірді, ең алдымен компрессор станциясы жабдықтарын пайдалану мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастырды.
2006-2007 жылдарды Нағи Инусұлы қызығы мен қиындығы қатар жүрген сәттерімен есте қалды,- деп еске алады. Сол жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ КС-13 жиырма жыл бойы тоқтап тұрған Шалқар ЖӨБ қайта қалыпана келтіруге жұмысқа шақырады. Өмірінің осы кезеңін айтқанда, Нағи Инусұлы оған «мұраға» қалған өндіріс орнын басқару ауыр тигенін, мықтап тер төгуге тура келгенін жасырмайды. Бір қуантарлығы оның қол астында Ақтөбедегі ең үздік бригада жұмыс істеді, ұжым арасында өзара түсіністік жоғары еді, барлығы мақсатқа жету жолында бір кісідей жұмыла еңбек етті. Сол кездері «Жаңажол КС-13» газ құбырының құрылысы қарқынды түрде іске асырылып жатқан еді.
Сол жерде Шалқар қ. Нағи Инусұлы болашақ жары Салтанат танысады, бүгінде бақытты отбасы атанып, екеуі үш бала тәрбиелеп отыр.
Бұдан әрі «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» МГҚБ Н.И. Әбуовты Шалқар ЖӨБ КС-12 бас инженер қызметіне ауыстырады. 2013 ж. бастап Нағи Инусұлы Әбуов «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Департамент директорының орынбасары болып қызмет істейді.
Бала кезінде жер шарын араласам деген арманы туған жерінде сәл басқаша болып орындалатынын және оның өмірінде ең басты мақсатқа айналарын сол кезде Нағи ойлады ма екен?! Бүгінде ол бір кездері армандаған кемесі – үлкен отбасының отағасы, балаларының сүйікті әкесі, жұбайының асыл жары.
Газ-мұнай саласында алған білімі, көп жылдан бері жинақталған кәсіби тәжірибесі, білікті қызметкер мәртебесі – осының бәрін біртұтас алғанда аяғынан нық тұрған, болашаққа сеніммен қарайтын адамның тұлғасын көреміз. Елімңздңғ экономикасының өркендеп дамуы осындай Нағи Инусұлы тәрізді адамдардың еңбегі деп нық сеніммен айтуға болады.