«Амангелді Газ» ЖШС-да командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді
Оқу-жаттығулар «Амангелді Газ» ЖШС Шу-Сарысу өндірістік филиалы (ШС ӨФ) аумағында жүргізілді.
Өткізілген оқу-жаттығулардың басты мақсаты – ШС ӨФ АҚ және ТЖ басқару органдарының, «Республикалық кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» ЖШС «Ақ Берен» КФ жедел тобының, «Сауыт Сөндіруші» ЖШС, «Сауыт жедел Тобы» ЖШС және басқа да аумақтық құралымдардың жеке құрамының «Амангелді Газ» ЖШС ШС ӨФ ұңғымаларындағы газмұнайсубайқалуын және келісімшарттық аумақтарындағы аварияларды жою бойынша іс-шараларды орындауға тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда зардап шеккендерге дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету.
Оқу-жаттығуларды өткізу үшін әртүрлі басқару деңгейлеріндегі органдар тартылды, компанияның 50-ден астам компаниялары мен мердігер ұйымдар, 14 бірлік техника әрекет етті.
Оқу-жаттығудың ойластыруы бойынша екі авариялық-құтқару операциясы пысықталды:
Бірінші –Амангелді к/о №119 ұңғыманы жер асты күрделі жөндеу жүргізу кезіндегі газдың шығуы;
Екінші – «Амангелді Газ» ЖШС ШС ӨФ кәсіпішілік алаңында диаметрі 219 мм технологиялық газ құбырына газдың үзіліспен берілуін жою.
Тәжірибе көрсеткендей ұңғымалар салу, қажетті дағдылардың болмауы және қиын жағдайда басқара алмау әдетте газмұнайсубайқалуының ашық фонтанға ауысуына әкеледі, ал бұл бұрғылаудағы авариялардың күрделі түрінің бірі.
Жамбыл облысы ТЖ жөніндегі департамент өкілінің бағалауы бойынша оқу-жаттығу сұрақтары сапалы және толық көлемде қамтылды. «Амангелді Газ» ЖШС басқару органы мен азаматтық қорғаныс күштері», мердігерлік ұйымдар қызметкерлері сенімді және бірлескен іс-қимыл көрсетті»- деді ол.