«Интергаз Орталық Азия» АҚ жарақаттанудың нөлдік деңгейімен ең қауіпсіз компания мәртебесі берілді.
Астанада «Қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы көрнекті көшбасшылық» тақырыбында бас директорлардың 3-ші форумы болып өтіп, онда «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ еншілес кәсіпорны, бұдан әрі – ИОА) бас директоры – Валентин Хван құрмет грамотасын алды. Грамота 2016 жылғы қызметтің нәтижелері бойынша еңбек қорғау саласындағы ең үздік көрсеткіштер үшін табысталды.
Өндірістік қызмет нәтижелері , жазатайым жағдайларды болдырмау, өндірістік факторлардың жұмыскердің өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін болдырмау бойынша жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы – ИОА басты тұжырымы болып табылады.
Форум қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың ағымдағы жай-күйін бағалау және қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жоспарларын талқылау үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогымен ұйымдастырылған.
Форумның жұмысына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылары – Директорлар кеңесінің төрағасы – Фрэнк Куйлаарс, Басқармасы төрағасы – Сауат Мыңбаев, Директорлар кеңесінің мүшелері, еншілес және тәуелді ұйымдардың бас директорлары қатысты.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы – Фрэнк Куйлаарс форумға қатысушыларға құттықтау сөзін жеткізді. Ол компанияның IPO-ға шығуға дайындалуына байланысты, қазіргі кезде кез келген компанияның акциясы батыстық инвесторлармен тек қаржылық көрсеткіштермен ғана емес, сондай-ақ FAR (өліммен аяқталған оқиғалар коэффициенті) көрсеткіштері және LTIR (жарақаттану коэффициенті) бойынша да бағаланғанын атап өтті.
Жеңімпаздар қауіпсіздік және еңбек қорғау (FAR, LTIR, MVCR), жұмыскерлер саны, еңбек қорғау жұмыскерлерінің компания жұмыскерлерінің жалпы санына қатысы сияқты көрсеткіштерді бағалау бойынша анықталды. Сонымен қатар, корпоративтік стандарттар мен бастамалар енгізу, еңбек қорғау саласында тәуекелді басқару бойынша жұмыс, сондай-ақ алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану ескерілді.