ТАЛҒАТ ӘДІЛҰЛЫ ӘДІЛОВ 1971 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, И.В. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын (1993) “Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану” мамандығы бойынша тәмамадап, “Инженер-механик” біліктілігін алды.
1993-1994 жж.-Қазақстан Республикасы Газ өнеркәсібі Министрлігінің “Қазақгазжобалау” ғылыми-зерттеу жобалау институтының газ тасымалдау және сақтау бөлімінің инженері.
1994-1996 жж. – “Оралтрансгаз” мемлекеттік кәсіпорнының магистральдық газ құбырлары Орал желілік-өндірістік басқармасының желілік-пайдалану қызметінің шебері, газ объектілерінің жабдықтарын пайдалану жөніндегі инженер.
1996-1997 жж. – “Батыстрансгаз” АҚ “Оралтрансгаз” еншілес акционерлік қоғамының пайдалану бөлімінің газ объектілерінің жабдықтарын пайдалану жөніндегі инженері.
1998-2001 жж. – “Интергаз Орталық Азия” ЖАҚ “Орал” Пайдалану бөлімінің техникалық қызмет көрсету және жөндеу департаментінің газ құбырларын пайдалану жөніндегі инженері.
2001-2002 жж. – “Интергаз Орталық Азия” ЖАҚ “Орал” магистральдық газ құбырлары басқармасы” филиалының Орал желілік-өндірістік басқармасының желілік-пайдалану қызметінің басшысы.
2002-2005 жж. – “Интергаз Орталық Азия” АҚ Өндірістік-техникалық департаментінің бас менеджері, директоры.
2005-2009 жж. – “Интергаз Орталық Азия” АҚ “Іске қосу-реттеу жұмыстары және диагностика басқармасы” филиалының директоры.
2009-2013 жж. – “Интергаз Орталық Азия” АҚ “Ақтау” магистральдық газ құбырлары басқармасы” филиалының директоры.
2013-2016 жж. – “Интергаз Орталық Азия” АҚ “Орал” магистральдық газ құбырлары басқармасы” филиалының директоры.
2016-2019 жж.-“Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС Бас директорының орынбасары.
2022-2023 жж. – “Интергаз Орталық Азия” АҚ Бас директорының бірінші орынбасары.
2023 жылдың шілдесінен бастап-“Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары.
Марапаттары:2005 жылы Қазақстан Республикасының құбыр көлігінің 70 жылдығына орай “Қазақстанның құбыр көлігіне 70 жыл” мерейтойлық медалімен, 2017 жылы “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ Естелік белгісімен, “Интергаз Орталық Азия” АҚ Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.