Чжао Шоуи, ҚХР Ляонин провинциясында дүниеге келген.
1989 жылы Чжэцзян университетін мұнай және газ тасымалдау мамандығы бойынша тәмамдап, техникалық ғылымдарының бакалавры дәрежесін алды.
Әр жылдары Liaohe Petroleum Engineering Company Limited of Petrochina жұмыс істеді.
2011 жылы JV Asia Trans Gas LLC, Trans Asia Gas Pipeline Company Limited Бас инженері болып қызмет етті.
2012 жылғы 9 қарашадан бері «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Басқарушы үйлестірушісі лауазымын атқарды.
2017 жылғы 18 мамырда «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары-ЖБТ басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.