Басқарушы үйлестірушінің "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен есептік кездесуі.

2016 ж. 21 желтоқсан “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС Басқарушы үйлестірушісі (бұдан әрі-Серіктестік) З. К. Кемелова құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің алдында жобаны басқару тобының 2016 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп берді.

Басқарушы үйлестіруші З.К. Кемелова ең алдымен ұжыммен сәлемдесіп, 2016 жылдағы ЖБТ блогының ең маңызды жетістіктерін атап өтті.

Есептік кезең ішінде жасалған ЕРС  шарттар бойынша жабдықтар өндіру мен құрылыс жұмыстарына инспекциялар жүргізілді, “Бозой” КС-1 үшін ГАА негізгі жабдықтарына зауыттық сынақ жүргізілді, SCADA және телекоммуникациялар жүйелерінің жабдықтарын жеткізу бойынша жұмыстар атқарылды, “Қараөзек” КС-4 құнын бағалау аяқталды, “Бейнеу-Шымкент” газ құбырының құрылысын салу” жобасы бойынша құрылыстың түзетілген бюджеті дайындалды, құрылыс кестесі түзетілді.

З. К. Кемелова 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында құбырішілік диагностика жүргізілгенін, оның нәтижесі бойынша айтарлықтай ақаулар табылмағанын атап өтті.

news_211216_2

Кеңес барысында З. К. Кемелова 2017ж. бірінші тоқсанына қойылған жоспарды баяндады. Наурыз айының соңына дейін “Мемсараптама” РМК қорытындысын алу, “Қараөзек”, “Шорнақ”, Сексеуілді”, “Ақсуат”, “Бейнеу” ЖПУ және ГӨС шарттары бойынша жабдықтар мен материалдарды жеткізуді жандандыру жоспарланып отыр.

Кездесу соңында З. К. Кемелова ұжымға жемісті еңбектері үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да табысты жұмыс атқаратындарына үмітпен қарайтынын жеткізді.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye