2017 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша бірінші басшының еңбек ұжымымен кездесуі.
2017ж. 16 тамыз күні Бас директордың м.а. С.Б. Шабдукаримов 2017 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС еңбек ұжымымен есеп беру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Серіктестіктің 2017 жылдың 1 жарты жылдығындағы өндірістік-шаруашылық қызметінің қорытындылары жасалды.
Кездесуде Серіктестіктің 2017 жылдың 1 жарты жылдығындағы негізгі оқиғалары баяндалды:
– Серіктестіктің 2017 жылдың 1 жарты жылдығындағы негізгі экономикалық көрсеткіштері.
– Серіктестіктің 2017 жылдың 1 жарты жылдығындағы қызметінің негізгі көрсеткіштері.
– Серіктестіктің 2017 жылдың 1 жарты жылдығындағы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобасы құрылысының мәртебесі.
– Серіктестіктің газ құбырын сенімді пайдалануын қамтамасыз ету.
– 2017 жылдың 1 жарты жылдығындағы Серіктестік Құрылымдық бөлімшелері қызметінің қорытындылары.
– 2017 жылдың 1 жарты жылдығындағы Кәсіподақтың қызметі.
Сонымен бірге, 2017 жылдың 2 жарты жылдығына келесі міндеттер қойылды:
– 2017 жылдың 1 жарты жылдығы үшін газ тасымалдау, ЖҚжШ газбен жабдықтау, газ құбырын пайдалану шарттарын келісу және оларға қол қою;
– Оның ішінде 4 тоқсандағы жұмыстар өндірісінің Жоспар-кестесін бекіту және КС газ айдаушы агрегаттарына сервистік Қызмет көрсету Шартын жасау арқылы Бозой КС сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
– Турбина майын, АПҚ және ЖПҚ материалдарын жеткізу жөніндегі шарттар жасау және олардың орындалуын бақылау;
– Магистральды газ құбырларының нысандарын күз-қыс кезеңіне дайындау бойынша жұмыстар жүргізу;
– Оператордың ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ережелерін сақтауы бойынша қызметіне тоқсан сайынғы инспекция жүргізу;
– ҚНжЕ газ көлемдерін анықтау әдістемесін әзірлеу;
– Қараөзек КС пайдалану жөніндегі келісімді әзірлеу және келісу бойынша «ИОА» АҚ жұмыстар жүргізу.