«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары – ЖБТ басшысы орынбасарының Жобаны Басқару тобы құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерімен есептік кездесуі.
2017 жылғы 04 шілдеде «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары – ЖБТ басшысының орынбасары Т.Ә.Әділов құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында ЖБТ 2017 жылғы 2 тоқсандағы жұмысының қорытындысы жасалды.
«Құрылыстың кезектерін және қосу кешендерін түзету» ЖСҚ бойынша «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды.
«ББШ газ құбыры құрылысы. Түзету 3» ЖСҚ тексеріліп, келісіліп, бекітіліп, «Мемсараптама» РМК epsd.kz порталына жүктелді.
Құрылыстың екінші кезеңінің объектілері: «Бейнеу» ГӨС және 0-311км трасса бойындағы жол бойынша техникалық сипаттама мен тендерлік және шарттық құжаттама (инжиниринг бөлігінде) пакеттерінің құрамы қарастырылды.
«Сексеуілді» ЖПУ және ВК, «Ақсуат» ЖПУ және ВК ҚҚЖ жаңғыртылды.
Сонымен қатар, 2017 жылғы 3 тоқсанға қойылған мақсаттар айқындалды.
«ББШ газ құбыры құрылысы. Түзету 3» ЖСҚ «Мемсараптама» РМК оң қорытындысын алу.
«Бейнеу-Бозой» учаскесінде және «Бейнеу» ГӨС 2 кезеңнің трасса бойындағы (қызметтік) жолдарының құрылысын бастау.
«Бозой» КС/ВК құрылысын аяқтау және Объектіні пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қою.