«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының құрылымдық бөлімше қызметкерлерімен өткізген есеп беру кездесуі.
2016 жылғы 22 желтоқсанда «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары С.Б. Шабдукаримов құрылымдық бөлімше қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары С.Б. Шабдукаримов экономикалық блоктың жұмыс нәтижелері бойынша 2016 жылғы қаңтар-қараша кезеңінде таза табыстың 10 607 млн. теңгеге ұлғайғанын атап өтті. Таза табыстың ұлғаюының негізгі себептері- есеп беру кезеңіндегі газдың үлкен көлемін тасымалдау, нысандарды уақытылы пайдалануға тапсырмау салдарынан өзіндік құн баптары бойынша орындалмау және Жобаны қаржыландырудың уақытылы басталмауымен байланысты қаржылық шығыстар бойынша ауытқушылықтар болып табылады. С.Б. Шабдукаримов 2017 жылғы 1 тоқсанға қойылған міндеттердің негізгісі ретінде Жобаның 2 кезеңін қаржаландыру бойынша жұмыстарды белгіледі.
Есеп беру кезедесуін қорытындылай келе, Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары С.Б. Шабдукаримов құрылымдық бөлімше қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, атқарылған еңбектері үшін алғыс білдірді.