Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасарының “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен есептік кездесуі.
2016 жылғы 15 желтоқсанда Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары Цзя Хуайгань “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен арада кездесу өткізді.
2016 жылдың қорытындысын шығара отырып, Цзя Хуайгань бизнесті қолдау блогының жемісті жұмысын атап өтті. ЕРС-шарттардың “Тапсырыс беруші үшін қызметтер” 11.9-бөліміндегі тағам, тұру, көлік және жеке қорғаныс құралдарына төлем жүргізуге қатысты талаптарын ЕРС-мердігерлердің орындауына тұрақты мониторинг жүргізілуде, бұл құрылыс орындарында Тапсырыс беруші өкілдерінің жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Штаттан тыс жағдайлар кезінде Серіктестік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында: кеңседегі апаттық жағдайларға ден қою, жол-көлік оқиғасы кезіндегі іс-қимылдар, адамдар көп жиналатын жерлердегі штаттан тыс жағдайларға дайындық және ден қою (мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде) жөніндегі жоспарлар әзірленді. Сондай-ақ Серіктестік жүргізушілерімен қауіпсіздік бойынша күнделікті нұсқаулық жүргізіледі. 2016 жылғы 18 қыркүйекте Серіктестік қызметкерлері үшін салауатты өмір салты қағидаларын қолдау мақсатында Мұнай-газ қызметкерлері күніне арналған корпоративтік тимбилдинг өткізілді. Серіктестік барлық қажетті тауарлық-материалдық құндылықтармен, байланыс және интернет қызметтерімен, қосалқы персонал қызметтерімен, автокөлікті пайдаланумен үздіксіз қамтамасыз етіледі.
Қызылорда қаласы Өкілдігінің директоры Бас директор Серік Естайымен бірлесе отырып Сексеуілді, Ақсуат, Қараөзек, Бозой кенттерінде жөндеу-пайдалану учаскелерін аралап, Мердігерлермен бірқатар кездесулер өткізді. Серіктестіктің Астана қаласындағы Өкілдігі “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС мен “Интергаз Орталық Азия” АҚ арасында “Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры құрылысын салу” базалық жобасының “Қараөзек”КС-4 объектісі бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын (құрылыстың 2-ші кезегінің 3-ші іске қосу кешені) сатып алу-сату шартына қол қою арқылы мәміле жасау туралы мәселелерді шешуге көмек көрсетті. Цзя Хуайгань атап өткендей, 2017 жылдың I тоқсанына қойылған негізгі міндеттер Серіктестіктің бірінші кезектегі сатып алуларын жүзеге асыру.
Есептік кездесу соңында Цзы Хуайнань ұжымға жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, барлығын келе жатқан 2017 жылмен құттықтады.