6 + 4 =
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Ерікті медициналық сақтандыру бойынша қызметтерді» сатып алуға ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).
Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.
Тендерлік құжаттама пакетін 2017 жылғы 26 қаңтар күні (қоса есептегенде), сағат 18.30-ға дейін, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 213 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады.
Тендерлік құжаттама пакетін алу және тендерлік өтінімді тапсыру үшін Тендерлік құжаттаманы алу және тендерлік өтінімді беру бойынша ықтимал жабдықтаушы өкілінің сенімхатын (түпнұсқа) ұсыну қажет.
Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, келесі мекенжай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, 213 кабинетке ұсынады (жібереді).
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2017 жылғы 27 қаңтар күні, сағат 10.00-ге дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2017 жылғы 27 қаңтар күні, сағат 12.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 77 үй, № 205 каб. Ықтимал жабдықтаушылар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.
Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-66-58 телефоны арқылы алуға болады.
Тендерная документация.pdf
Проект договора.pdf
Техническая спецификация.pdf
Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.
Аккаунт бар ма? |