Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа салынып жатқан «ҚазМұнайГаз» кәсіпорындары туралы хабардар етілді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясының» Бас директоры Нұрлан Балғымбаевты қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясының» Бас директоры Нұрлан Балғымбаевты қабылдады.  Кездесу барысында Н. Балғымбаев Қазақстан Президентіне бұрын берілген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады  және Жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді», – делінген сейсенбі күні Ақ Орда ресми сайтында орналастырылған хабарламада.

Атап айтқанда Павлодар мұнайхимия зауытын, Батыс Қазақстан облысындағы газ турбинасы стансасының құрылысын, Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорны мен Маңғыстау облысындағы кеме жасайтын зауытты қайта құрылымдау жөніндегі жобаларды іске асыру барысынан, сондай-ақ Каспий теңізіндегі «Исатай» және «Шағала» кен орындарына барлау жүргізу жөніндегі жұмыстардан хабардар етті.

Қазіргі уақытта барлық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме орындалды, мемлекеттік сараптама жүргізілді және қоғамдық тыңдаулар өткізілді, қаржы көздері мен құрылыстың бас мердігерлері анықталды.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша жобаларды жоспарланған мерзімде одан әрі іске асыру жөнінде нақты тапсыра берді.

 

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye