
Еренов Мурат Бахытбекович –1985 жылы 20 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2003-2008 жылдар аралығында Алматы энергетика және байланыс университетінде «Электрондық жүйелер және технологиялар» мамандығы бойынша білім алып, инженер біліктілігін алды.
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған.
2008-2010 жж. — «Intelligent Computer Services» ЖШС, БӨҚжәнеА инженері.
2010-2012 жж. — «Инсайт» инжинирингтік компаниясы» ЖШС, БӨҚжәнеА жетекші инженер-жобалаушысы.
2012–2013 жж. — «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» АҚ, БӨҚжәнеА жетекші инженері.
2013–2018 жж. — «Азиялық газ құбыры» ЖШС, БӨҚжәнеА жетекші инженері.
2018–2023 жж. — «Азиялық газ құбыры» ЖШС, ТҮБАЖ бөлімінің басшысы.
2023 ж. — «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС күрделі құрылыс департаменті директорының орынбасары.
2023–2026 жж. — «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, департамент директоры.
2026 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары.
