ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒИ ГАЗДЫ СҰЙЫЛТУ ЗАУЫТЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ.

2015 ж. 22 сәуір

«ҚазТрансГаз» АҚ Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, «Астана-Транс-Ойл» ЖШС-мен құны шамамен 100 млн. АҚШ долларын қүұрайтын табиғи газды сұйылту зауытын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа Жамбыл облысының әкімі Көкрекбаев К.Н., «Астана-Транс-Ойл» ЖШС Бас директоры Асанқұлов А.А., «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) Бас директорының бірінші орынбасары  Айдосов Ғ.А. өз қолдарын қойды.

«Астана-Транс-Ойл» ЖШС жасалған уағдаластықтарға сәйкес көлемі жылына кемінде 100 млн. текше метр сұйытылған газ шығаратын қуатты зауыт құрылысын салуды және газ құбырына қосу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Өз кезегінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл облысының аумағындағы компанияның газ құбырларына қосылуға мүмкіндік береді және зауаттың іркіліссіз жұмысы үшін қажет табиғи газдың келісілген көлемімен қамтамасыз етеді.

Инновациялық бұл жоба елді мекендерге көгілдір отын жеткізетін газ құбырларын салу арқылы өңірлерді газдандыру ісіне баламалы нұсқа деп қабылдауға болады. Табиғи газды сұйылту жөніндегі технологиялар Жамбыл облысының және республиканың басқа өңірлерінің газ құбырлары мен кен орындарынан қашықта орналасқан елді мекендерін және өнеркәсіптік объектілерін газдандыру үшін тасымалдаудың оңтайлы әдісі болып табылады. Осы тасымалдау әдісін сондай-ақ, «виртуалды газ құбыры» деп те атайды.

Бұдан басқа, табиғи газды сұйылту зауытын салу әртүрлі көлік түрлерін экологиялық таза отынға көшіру үшін алғышарттар құрады, бұл «ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстанда газмотор отынын жаппай енгізуге бағытталған жобасымен толықтай сәйкес келеді. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бұл жобаның іске асырылуы өңірдің экологиялық ахуалын жақсартатынын атап өтті.

– Бір ғана Тараз қаласмының өзінде 350 мың тұрғын бар. Автокөліктер саны 100 мыңнан асады. Сондықтан біз муниципалды және қоғамдық көліктерді экологиялық таза отынға көшіруге мүдделіміз, – деді, Кәрім Көкірекбаев.

Өңір басшысы жабаны іске асырудағы тағы бір маңызды тұсы ретінде газдандырылмаған Сарысу және Мойынқұм аудандарына көгілдір отын жеткізу мүмкін болатынына тоқталды. Сонымен қатар Кәрім Көкірекбаев Тараз қаласының әкімдігіне зауыт құрлысы үшін теміржол инфрақұрылымына жақын маңнан 20 гектар жер телімін бөлу туралы тапсырма берді.

Осы әлеуметтік мәні бар жобаның құрылыс жұмыстары кезеңінде 200-дей адамды және зауыт іске қосылған соң шамамен 100 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ете алады, бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған қадам болмақ.

Анықтама: Сұйытылған табиғи газ (метан, пропан-бутан қоспасынан тұратын сұйытылған көмірсутек газымен шатастыруға болмайды) қауіпсіз, энергетикалық сипаттамасы жоғары және октан көлемі бар экологиялық таза отын түрі. Табиғи газды отын ретінде пайдалану кезінде дәстүрлі отын түрлерімен (дизель, бензин) салыстырғанда улы газ шығарындылары 90-97%-ға, көмірқышқыл газы  25%-ға, азот оксиді 35-60%-ға азаяды.

«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы № 173 қаулысына сәйкес мұнай-газ саласындағы жұмысты жүйелендіру мақсатында құрылған. «ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына  газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

“ҚазТрансГаз” АҚ Баспасөз қызметі,

байл. тел: +7(7172)-55 23 16

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye