«Жайықмұнай» таза пайданың кемінде 20%-ын дивиденд төлеуге жұмсамақ.
«Жайықмұнай» ЖШС таза пайданың кемінде 20% дивидендтерді төлеуге жұмсамақ, деп көрсетілген Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған хабарламада.
«Директорлар кеңесі жыл сайын компанияның шоғырландырылған таза пайдасының кемінде 20%-ын төлеу ниетімен табысты бөлудің ағымдағы саясатын жүзеге асыруды бекітті», – делінген хабарламада.
Құжатқа сәйкес, 10 қыркүйекте «Жайықмұнай» ЖШС компаниясының бас әріптесі «Жайықмұнай групп лимитед» компаниясының директорлар кеңесі $ 60,2 млн сомасына (бұл 2012 жылғы 30 маусымға таза пайданың 20%-ын құрайды) ақшалай нысанда табысты бөлуді білдіретін «Жайықмұнай» ЖШС жалпы үлес/ЖДҚ иелеріне «Жайықмұнай» ЖШС жалпы үлес/ЖДҚ үшін $0,32 сомасында дивидендтердің алғашқы төлемін бекітті.
«2012 жылдың бірінші жартысындағы біздің нәтижелер жақында «Жайықмұнай» компаниясының жақсы ақша позициясын растады. Жақын болашақта біз тәулігіне 40 000 барр. м. б. деңгейінен асып түсетін жалпы өндірудің одан әрі өсуін күтеміз. Бұл элементтер шикізат тауарларына бағаның басым шарттарын ескере отырып, шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюына және «Жайықмұнай» компаниясының ақша ағындарының болжамдылығына артып келе жатқан сенімді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті «Жайықмұнай» директорлар кеңесінің төрағасы Фрэнк Монстри.
Оның айтуынша, өз кезегінде, бұл компанияны тұрақты дивидендтер түрінде жауапкершілігі шектеулі серіктестерге табыстың кейбір үлесін төлеу мүмкіндігін қарастыруға ынталандырады.
«Жайықмұнай» ЖШС жарғылық капиталында 100%-дық үлеске ие Zhaikmunai LP еншілес компаниясы болып табылады және Шынар кен орнында барлау, игеру және өндіруді үлестік бөлу туралы келісім бойынша оператор болып табылады.
Zhaikmunai LP – шикі мұнай мен газ конденсатын барлауды, өндіруді және сатуды жүзеге асыратын мұнай-газ компаниясы. Компанияның акциялары Лондон қор биржасында орналастырылған. Компанияның негізгі активі Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан Шынар кен орны болып табылады.