«ҚазТрансГаз» АҚ Конституция күні мен Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнін атап өтті
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамында келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні мерекелеріне арналған салтанатты жиын өтті.
Ұлттық оператордың компаниялар тобында, іс жүзінде барлық Қазақстан өңірлерінде он екі мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Олардың барлығын онлайн бейнебайланыс арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасының орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев құттықтады.
Ол, Қазақстанның және Қазақстандықтардың барлық жетістіктері еліміздің Негізгі құжатымен байланысты екендігін айтып өтті. Конституция – бұл тәуелсіздіктің, біртұтастықтың және тұрақтылықтың кепілі, оны негізге ала отырып, біз болашағымызды бірге қалыптастырамыз.
Қайрат Шәріпбаев, сонымен қатар әріптестерін келе жатқан кәсіби мерекелері – мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтады, осы жылы бұл мереке Қазақстанда мұнай өндірудің басталғанына 120 жыл мерейтоймен ұштасып отыр.
«Сіздер білетіндей, жыл сайын газ саласы өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді сенімді өсіре отырып, ең жақсы нәтижелерді көрсетіп отыр. Қазірдің өзінде отандық газ тасымалдау саласы Орта Азия дәліздік хабына, елдің мұнай газ секторының драйверіне айналды. Газ саласының осы оң үрдістері «Самұрық-Қазына» және «ҚазМұнайГаз» тарапынан қолдау табуда. Осы қолдаудың арқасында, жаңа бағыттарды ашуға, елдің көліктік және транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда» – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасы төрағасының орынбасары.
Тоқталып өткен жобалардың бірі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырындағы «Үстірт» КС салу болып табылады. Ол жылына 15 млрд.м3 дейін көлемде газды тұрақты тасымалдауға мүмкіндік береді.
ҚазМұнайГаз Басқармасы төрағасының орынбасары, отандық газ саласы қызметкерлері, осындай ауқымды жобаларды іске асыра отырып, Қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып жатқандығымен мақтануына болатындығын айтып өтті.
Бүгінгі таңда табиғи газды 9 млн адам пайдаланады, 45 мыңнан астам газдандырылған кәсіпорындар өз өндірісін дамытып отыр.
Ұлттық оператордың халықаралық беделі өсіп келеді, Standard & Poor’s және Fitch Ratings сияқты агенттіктер ҚазТрансГаздың рейтингтерін жоғары бағалады. Moody’s агенттігі «ҚазТрансГаздың» және «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның кредиттік қабілеттілігін базалық бағалауды бір деңгейге көтерді. Мұның барлығы компаниялар тобының кредиттік қабілеттілігі өте жоғары екендігін білдіреді.
Салтанатты рәсім, газ саласының үздік қызметкерлеріне наградалар және құрмет грамоталарын тапсырумен жалғасты. Осы жылы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының 1200-ден астам қызметкерлеріне ведомстволық наградалар, медальдар және құрмет грамоталары тапсырылды. 140-тан астам награданы, еңбектері елдің газ саласының бүгінгі күні қолжеткізіп отырған жетістіктерінің іргетасын қалаған сала ардагерлеріне тапсырылды.
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, МАРАПАТТАЛҒАН ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз-қызметі