«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ірі құбыр салу жобасы болып табылады және мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маңызды роль атқарады. Президент Н.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұл жоба қазір газ импортына тәуелді болып отырған еліміздің оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Газ құбыры іске қосылған соң импорттық жабдықтаудан толықтай бас тартуға мүмкіндік береді, ішкі нарыққа энергия қорын жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазақстанның бірқатар аймақтары үшін газ құбырын салу және пайдалану макроэкономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өте тиімді, бұл әлеуметтік сала мен өндіріске қосымша инвестицияларға жол ашады. Болашақта «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры арқылы Қытайға табиғи газды экспорттау іске асырылмақ, бұл елімізге қосымша қаржы көздерінің келуін қамтамасыз етеді. Болашақ газ құбыры Қазақстанның жетекші инфрақұрылым жобаларының бірі болып табылады, ол инвестициялық стратегиялық жобалар тізіміне, 2010-2014 жылдарғы Индустриализация Картасына енгізілді. Жобаға әзірлік барысында құрылыстың ТЭН оптималды талаптарын анықтау бойынша, оның ішінде қаржыландыру және экология нормасын сақтау тұрғысынан ауқымды жұмыстар атқарылды. Жобаны бұрын жасалған мемлекет аралық келісімдер, сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және Қытай ұлттық мұнай корпорациясы арасындағы келісімге сәйкес Қазақстан мен Қытай бірлесіп іске асыруда. Осы келісімдердің ережелерін орындау мақсатында 2010 жылғы желтоқсанда Жобалау компаниясының қызметі тапсырылған «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылды. ЖШС Қазақстан заңдарына сәйкес екі елдің тең үлестес негізінде құрылды. Қазақстан тарапынан құрылтайшы ретінде «ҚазТрансГаз» АҚ, қытай тарапынан – Trans-Asia Gas Pipeline белгіленді. Біздің компанияның Жарғы капиталы Қазақстан мен Қытайдың тең жарна мөлшері бойынша құрылған 1 млрд долларды құрайды. Магистралды газ құбырының жүру бағыты бойынша 1067 мм диаметрлі құбыр Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағынан өтеді. Оны іске асырылуы бірнеше кезеңмен іске асырылады. Жоспар бойынша өткізгіштік қабілеті 6 млрд шаршы метрге дейін жететін бірінші кезеңді аяқтау мерзімі 2013 жылға межеленді. Оның шеңберінде Самсоновка КС дейін бұру арқылы Бейнеу компрессор станциясынан (КС) Кереит КС дейін ұзындығы 1130 км учаске пайдалануға беріледі. Екінші кезеңді іске асыру 2014-15 жылдар аралығына жоспарланды. Ұзындығы 311 км Бейнеу-Бозой және өткізгіштік қабілеті 10 млрд шаршы м. дейін ұлғайтылған қосымша КС салынады. Болашақта газ құбырының қуатын 15 млрд шаршы м дейін кеңейту, оның ішінде Қытайға Қазақстанның Ұрықтау және Жаңажол кен орындарынан табиғи газды экспорттау жоспарлануда. Салынып жатқан газ құбыры – бұл Қазақстанның оңтүстігін отандық табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық жоба. Оны табысты іске асыру мақсатында біз қазақстандық жабдықтаушылар мен өндірушілердің мүмкіндігін толық пайдалануға ниеттіміз. Басымдық дәл соларға берілетін болады. Құрылысты салу және пайдалану барысында мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады, сондай-ақ, ел экономикасының түрлі салаларының дамуына оң ықпал ететін болады.