ОРАЛДА ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ.

ҚазТрансГаз» АҚ «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, өңірдегі газдандыру мәселелеріне қатысты көшпелі қоғамдық қабылдауларын жалғастыруда. Газ саласы мамандарының тұрғындармен кездесуі Орал қаласында өткізілді.

Бүгінгі күні аймақта табиғи газбен тұрғындардың 93% астам пайызы қамтылған. Бұл шамамен 200 000 мың адамға тең. Газ тасымалдау және газ тарату желілерін жаңарту бойынша инвестициялық бағдарлама іске асырылуда.

Газ саласы мамандарымен кездесуге келген тұрғындарды түрлі ауқымды мәселелер қызықтырды.

Орал қаласының тұрғыны Айнагүл Оразғалиева тұрғын үйді қалай газдандыруға болады және мұндай жобаның құны неге тәуелді деген сауал қойды. Газ саласының мамандары газдандыру бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарының құны әр нысан үшін жекелей есептелетіні және түрлі факторларға, мысалға, қолдыныстағы газ желілерінен қашықтығы, газ құбырының өту шарттары мен тәсілі, орнатылатын жабдықтың саны сияқты факторларға тәуелді екенін түсіндірді.

Қала тұрғыны Асхат Борашевты газдандырумен байланысты қызметтер көрсететін және атаулары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұқсас фирмалардың жұмыстары жөнінде сауал қызықтырды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының директоры Әзімбек Асаровтың айтуынша, «ОралГаз Аймақ» ЖШС, «БатысГаз Аймақ» ЖШС, «НацГаз Аймак» ЖШС сияқты компаниялардың филиалға ешқандай қатысы жоқ. Дегенмен, атаулардың ұқсастығы аймақтағы тұрғындар арасында жаңылыс тудыруда. Газ жабдықтарын, түтіндіктер мен вентиляциялық крандарды тексеру бойынша қызмет түрлері  лицензиялануға жатпайды. Сол себепті мұндай жұмыстармен жоғарыда аталған ұйымдар айналысуда. Бұл ретте, аталмыш фирмалар тек әділет органдарында есептік тіркелуден ғана өтеді, ал олардың қызметін ешкім реттемейді. Әдетте мұндай ұйымдарда білікті мамандар мен сертификатталған жабдықтар жоқ, бұл өз кезегінде абоненттердің қауіпсіздігіне қауіп тудыруы мүмкін.

Қоғамдық қабылдауға жүгінген Орал қаласы мен облыс тұрғындары өз сауалдарына егжей-тегжейлі жауап, кеңестер алды.

Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы мен «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің өкілдері жұртшылықпен кездесу ұйымдастырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласын талқылады.

Өңірді аралау шеңберінде, «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» ҚБ өкілдері «ҚазТрансГаз» АҚ қолдауымен Орал қаласында газ саласының жас мамандары үшін шеберлік сағаттарын өткізіп, аймақтың газ тасымалдау жүйесінің нысандарына барды.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye